• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:58:09
Алматы
+12°

07 Қазан, 2024 Барлық аймақтар

АЭС бойынша референдум: Қазақстанда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда АЭС бойынша референдум учаскелері жұмысын аяқтады.

Көрнекі сурет

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру басталды.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: "Иә, келісемін" және "Жоқ, келіспеймін".

Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.

Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

6 қазан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-ы бюллетень алды.

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір