• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 15:06:39
Алматы
+12°

08 Қазан, 2024 NEWS

Роман Скляр АЭС құрылысы жайында: Саяси тәуекелдер туындаған сәтінде қарастырылады

АЭС салатын елдермен арадағы шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

Фото: ашық дереккөзден

«Консорциум болатын шығар. Ең бастысы — қауіпсіздік. Сонымен қатар біз салынатын жаңа станса ең тың жобалық шешімдер мен өз саласының көшбасшысы саналатын өндіруші елдің озық технологиясы болғанына мүдделіміз. Сондықтан шешім конфигурация бойынша қабылданады. Онымен мен де, Алмасадам Майданұлы да (Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев) айналыспайды. Арнайы жобалық топ болады. Ал орын алуы мүмкін саяси тәуекелдер туындаған сәтінде, яғни жобалау барысында қарастырылады. Егер мұндай жайт орын алса, онда түрлі компаниялармен, түрлі елдермен арадағы шартта санкциялық келісім болатындығы сөзсіз, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС Роман Скляр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір