09 Қазан, 2024 NEWS
Контрабанда: Қазақстаннан 10 вагон мұнай ұрлап бара жатқандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі контрабанда қай елге қарай бара жатқанын нақтылаған жоқ.
Көрнекі сурет
Ішкі істер министрлігі Қазақстанға жақын бір елге қарай бағыт алған 10 вагоннан құны 120 млн теңге болатын 750 тонна мұнай тәркіледі.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, вагондар іргелес бір елге жөнелтілмек болған. Бірақ, нақты қай мемлекет екені нақтыланбаған.
«Мұнай өнімдерін рұқсат құжатсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел-тергеу өтіп жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір