• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 17:17:25
Алматы
+12°

10 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстанда АЭС бөліп төлеу жүйесімен салынбақ

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанда атом электр станциясы бөліп төлеу жүйесімен салынуы мүмкін екенін айтты.

Көрнекі сурет

Арман Қасеновтің сөзінше, АЭС-ті кім салатыны әлі белгіленген жоқ. 

"Қазір оны кім салады, қай елдер салады деген сияқты шешім қабылданған жоқ. Демек оны қалай қаржыландыратыны туралы да айтылмады. Атом электр станциясын қаржыландырудың бір нұсқасы – бөліп төлеу жүйесімен салу. Яғни, оны салатын компания төлем мерзімін ұзарта алады. Тиісінше, қаржыландыруға қаражат қажет болмауы мүмкін", – деді вице-министр.

Қасенов журналистердің "АЭС Қазақстан үшін тиімсіз бола ма" деген сұрағына жауап берді. Айтуынша, бұл жоба елімізге шығын әкелмейді. 

"Энергия өндіретін барлық жобалардың өзіндік құны бар. Олар тарифке енгізілген. Бұл жоба мен басқа да энергия өндіруші кез келген жоба сол себепті тиімсіз деп есептелмейді", – деді вице-министр. 

8 қазанда Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда АЭС салу бойынша Республикалқ референдумның нәтижелерін шығарған еді. Мәліметтерге сәйкес, АЭС салуға 71,12% адам келіскен. Осылайша, референдум өтті деп саналған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір