• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:59:52
Алматы
+12°

16 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстанда алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірлігінің банкі ашылмақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстан нарығына қай шетелдік банктердің келуі мүмкін екенін айтты.

Көрнекі сурет

Мадина Әбілқасымованың сөзінше, нарыққа шетелдік банктердің келуі ставканың төмендеуіне, бәсекенің дамуына алып келеді. Сондай-ақ елдегі екінші банктер де цифрландыру тұрғысынан жоғары деңгейге жеткенін айтады. 

"Банк қызметі, несиелендіру нарығында бәсеке дамиды деп ойлаймын. Бәсеке бар жерде оңтайлы жағдай туындайды. Біздің банктер де тұрақты. Бүгінде цифрландыруға қомақты қаржы құйып жатыр. Сондықтан шетелдік банктер ел нарығына келсе де, бәсекеге түсе алады деп ойлаймын", – дейді ол. 

Агенттік төрағасы қазіргі уақытта бірнеше микроқаржы ұйымының екінші деңгейлі банкке айналу процесінен өтіп жатқанын айтты. Бұдан бөлек елдегі "Ислам банкіне" иелік ететін 

"BNK Finance” оңтүстіккореялық компаниясы банк лицензиясын алып жатыр. Сонымен қатар Bereke Bank-ті сатып алу арқылы катарлық инвестор біздің нарыққа енді. Ал Біріккен Араб Әмірлігінен Abu Dhabi Commercial Bank-тің нарықтағы қатысу үлесін кеңейту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Банк БАӘ-дегі көлемі бойынша үшінші орында тұр, активі 155 миллиард доллар. Олар елдегі Ислам банкіне иелік етеді. Алдағы уақытта әмбебап банк қызметтерін ұсыну бойынша рұқсат алмақ", – деді Мадина Әбілқасымова. 

Агенттік төрағасы өз сөзінде KMF пен Solva микроқаржы ұйымдарының да банк лицензиясын алу процесінде екенін тілге тиек етті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір