• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қазан, 23:34:08
Алматы
+9°

23 Қазан, 2024 NEWS

“Уақытты кері қайтару“ петициясы: Мәселе неге референдумда қаралмады?

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтардың бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару туралы жаңа петициясына қатысты пікір білдірді.

Көрнекі сурет

Премьер-министрдің орынбасары мұндай мәселе жалпы талқылауды қажет етпегенін айтты.

- Үкімет қандай да бір шешім қабылдаған кезде, шешім қабылдаудың белгілі бір ережесі бар, ол міндетті түрде мемлекеттік референдум өткізе беруі керек емес. Бұл үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайда шешім қабылдағанға дейін қажетті зерттеулер жүргізіліп, шешім қабылданды. Осыдан кейін регламент аясында өтініш келіп түсті, ол белгіленген тәртіпте қаралды, барлық оң және теріс жақтары тиісті топтарда қаралдым, - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы шешім қабылданған.

- Бұл жағдайды қысқа мерзімді емес, орта мерзімді перспективада зерттейік, бұл іс жүзінде әсер ете ме әлде әсер етпей ме. Қазір бұл мәселені көтеріп, қайта түсініктеме беруге Үкіметтің ниеті жоқ. Егер регламенттен ауытқи беретін болсақ.. Шешім болды, петиция болды, петиция қаралды, шешім расталды, менің ойымша, осымен тоқталу керек, - деп түйіндеді премьер-министрдің орынбасары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: уақыт петиция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір