• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 00:47:39
Алматы
+7°

01 Қараша, 2024 NEWS

Шетелдегі заңды жұмыс: Оңтүстік Корея қандай талаптар қойып отыр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының заңды жұмыс істеуі үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатқанына түсінік берді.

Көрнекі сурет

- Министрлік Корея Республикасында қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғау аясында Қазақстанды Корея Республикасындағы Employment Permit System (EPS) жүйесіне енгізу жұмыстары атқарылып жатыр. EPS жүйесі өз жұмысын 2004 жылдың 1 тамызында бастады және қазірге дейін бұл жүйе бойынша 16 елдің азаматы Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алады», - делінген Еңбек министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, бұл жүйедегі жұмыс қызмет көрсету, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және балық аулау салаларында ұсынылады. EPS жүйесі шетелдікке Оңтүстік Кореяда 3 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмысшылармен келісімшарт ұзартылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде азаматтарға осы елде 4 жыл 10 айға дейін тұруға мүмкіндік береді. EPS жүйесіне қатысу үшін Корея жағы EPS дайындық орталықтарына баруды талап етеді. Бұл орталықтарда Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетіндер тілді үйрену курстарынан, көші-қоні және медициналық мәселелерге қатысты тестілеуден өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір