• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:07:21
Алматы

04 Қараша, 2024 NEWS

Қазгидромет еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, жел мен көктайғақ болады.

Көрнекі сурет

Синоптиктердің мәліметінше, 5 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа-райы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел болып, тұман басады. 

6 қарашада еліміздің батысында, солтүстігінде, 06-07 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. 

Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 3-5 градус аралығында, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 0-7 градус жылы болады. Ал таулы аудандарда 2 градус аяз болмақ. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңбыр ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір