• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Желтоқсан, 23:29:35
Алматы
+7°

02 Желтоқсан, 2024 NEWS

2025 жылы әскер қатарына 42 мыңға жуық азамат шақырылады

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылады.

Көрнекі сурет

2025 жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір