• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:15:37
Алматы
+12°

16 Ақпан, 2014 NEWS

Билік, сен менің көзіме тура қара!

Девальвация мынадай жағдайды айқындап берді: Қазақстан қазына байлығы мол мемлекет еді. Бірақ оның билігі бұл байлықтың негізгі міндеті халықтың мақсатына...

Девальвация мынадай жағдайды айқындап берді: Қазақстан қазына байлығы мол мемлекет еді. Бірақ оның билігі бұл байлықтың негізгі міндеті халықтың мақсатына қызмет етуі тиіс екенін дер кезінде ұға алмады. Билік жүйесі ұлттық мақсатты өздерінің жеке мақсаттарымен шатастырып алды да, ТҰ Корпорациялардың құйтырқы саясатының жетегімен коррупцияға ұрынып, ақыр соңында мол байлықтың "ұлтқа қызмет етуші" тетіктерінен де және сол "Байлықтың" өзінен де ажырап қалды. Азғана адамдар аса ірі - "халықаралық дәрежедегі" байларға айналса да, Ел байлығы қолдан кетті. Оның миллиардтаған пайда әкелетін үлесі халықаралық алаяқтардың қолында кетті. Оның орнын еш нәрсемен толтыру мүмкін емес. Тіптен, Орта-Шағын бизнестің дамуы да мемлекетке ондай көлемдегі кіріс кіргізе алмайды. Сондықтан қазіргі "жанталас" содан туындаған. Оны биліктің өзі де түсініп отыр, шынтағын тістеп отыр. Алайда олар Машкеевич және оның Компаниясы, Миттал және оның Компаниясы, Қытай (Түрік, Еуропа, АҚШ, Ресей т.б.) Компаниялары және т.б. сияқтылардың күреп жатқан ақшасына қызығып-қызғанып қараудан басқаға бара алмайды. Ал қазіргі жағдайда біздің билік Мемлекет ақшасын мейлінше үнемдеуге, басы артық даңғаза шараларды өткізіп босқа шығындалудан бас тартпаса, өз қызметін тиімділік жағына қарай реттемесе, халықтың адами деңгейін және әлеуметтік жағдайын шұғыл жақсартуға қарай бет бұрмаса, "мемлекет дегеніміз оның халқы - соның көркейюіне бәріміз жаппай (бірінші кезекте - мемлекеттік қызметкерлер мен күштік құрылымдар) қызмет етуге тиіспіз" деген принципті қалыптастырмаса, Қазақстанда қазақ ұлттылығын тез дамытпаса, онда күні ертең халық та, байып үлгерген шенеуніктер де КЕДЕЙЛЕРГЕ айналады - кедей халық қашанда байларды "жұтып" қоятыны анық. Мейлі, қаншама бай болса да! Болмаса, байлар ондай - "жұтып қоюға әзір кедей халықтан" қашып, шет ел асып, онда барып өзгелерге басыбүтін жұтылады, яғни, ҚАЗАҚтығынан тұтас ажырайды... Ендеше, бұл девальвация қолында ендігі жоғалтатын түгі жоқ халықтың ғана емес, алдымен мемлекетті басқарып отырғандардың (байлардың) өздеріне қатты ескерту болуы тиіс деп есептеймін! Ақыл мен Байлық егіз ұғым екені осындай кезде көрінуі тиіс. Сондықтан Билік митингілеген халықты жау санамай, керісінше, олармен бірге сол митингілерде жағдайды бірлесе талқылаулары қажет. Әншейінде ондай шараны ұйымдастыруға көп ресурc жұмсалады. Ал, мына жерде халықтың өзі келіп отыр, соны неге тиімді бағытқа бұрмасқа! Олай болмаса, "көз тұманданған" деген аурудың емі жоқ дер едім! Ал халық "Билік, сен менің көзіме тура қара!" деп айтатын болады. Оған оның толық моральдік және әділеттілік тұрғысынан құқы бар: ол - жиырма жылдан астам уақыт бойы билігіне сеніп келген!

Әбдірашит Бәкірұлы 

Философ

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір