• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:37:07
Алматы
+12°

15 Тамыз, 2018 Әлеумет

Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек

Зорланғаны дәлелденген жасөспірімнің сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір осы іске қатысты кейбір ұстаздарды жауапқа тартуды көздеп жүр.

Түркістан облысындағы Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек. Бұған дейін өзінің қорғауындағы жасөспірімнің зорланғанын дәлелдей алмай жүрген сенімді өкіл енді Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінен кейін мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарларын және психологтарды сотқа бермекші. Құрманғазы Мүсір сондай-ақ, құпия жүргізілген тергеу ісінің кейбір құжаттарын педагогтарға жария еткен тергеушіні де жазаға тартуды көздеп отыр. Ал, аудандық білім бөлімі болса, осы іске қатысты екі адамды жұмыстан босатып, бірінің тағдырын алдағы уақытта шешетінін айтып үлгерді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Зорланғаны дәлелденген жасөспірімнің сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір осы іске қатысты кейбір ұстаздарды жауапқа тартуды көздеп жүр. Егер олардың кінәсі дәлелденетін болса, онда бірқатар адамның тағдыры күрт өзгеруі мүмкін. 

«Алдын біз күткен болатынбыз, тергеу амалдарын дәлелденетінін немесе дәлелденбейтінін. Бүгінгі таңда ресми мәлімет берілді Бас прокуратурамен. Дәлелденіп отыр. Сол себептен бүгін арыз өткіземіз прокуратураға. Яғни, мектеп психологтарына, тәрбие жөніндегі мектеп директор орынбасарына, мектеп директорына қылмыстық іс қозғау бойынша» - дейді жәбірленушінің сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір.

Сондай-ақ, әуeл баста, тергеу амалдарын жүргізген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері де заң жүзінде жауап беруі тиіс дейді Құрманғазы Мүсір. Айтуынша өзіне беймәлім болған кейбір құжаттар өзгелердің қолында жүр екен.  

«Былайша айтқанда, доступ болған. ашып көріп, өз ыңғайына қарайтын. Немесе тергеу жүргізген тергеуші сол кісілердің ыңғайына ойнаған. Яғни, сол кісілерге барлық мәліметті беріп, қолайлы жағдай жасаған» - дейді жәбірленушінің сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір.

Осы күні 7 жасар бала мен оған зорлық көрсетті деген жасөспірімдер оқыған қос мектепте толқу басылған жоқ. Осы іске қатысты бір білім ұясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен кетсе, директордың бірі зейнет жасына байланысты демалысқа шығыпты. Екінші директордың ісі алдағы күні "Нұр Отан" партиясының бюро отырысында қаралмақшы. Сондықтан, екі мектепте де қазір басқа адамдар уақытша жетекшілік етіп жатыр. Оның бірінің тізгінін шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына сеніп тапсырылған. Бірақ, екеуі де бұл іске еш қатысым жоқ дейді. 

«Психологтар да отпускіде. Бір психологымыз шықты жұмысқа. Енді шарасын қолданғандар қолданып жатыр, енді менің бұл бойынша хабарым жоқ» - дейді Ж. Баласағұн атындағы орта мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Бибігүл Сманалиева.

«Енді болдым, екі күн өтті. Жоқ әлі, қазір капремонт жасап жатырмыз» - дейді Ө.Жәнібеков атындағы орта мектебі директорының міндетін атқарушы Нариман Сәбитов.

Айтпақшы, осыдан екі ай бұрын Абай ауылындағы мектептерде Астаналық мамандар бір апта бойы тексеру жүргізіпті. Құрамында прокуратура мен балалар құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері бар жұмыс тобы бірқатар кемшіліктерді анықтап берген. 

«Кемшіліктер бойынша жалғыз Абайдағы 6 мектеп ғана емес ол барлық мектептерде кездесетін нәрсе ғой. Сол бойынша іс шара түзіп, жұмыс алдағы тамызда директорлар жұмысқа түседі сол кезде қолға алатын боламыз» - дейді Сарыағаш және Келес аудандары білім бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Нұрман Үсіпбаев.

Қоғам назарын өзіне аударған бұл қылмыстық іс жуырда сотқа жолданды. Айыптау актісімен бір жасөспірім анықталып отыр. Сенімді өкілдің сөзінше, сот отырысы жабық есік жағдайында өтетін көрінеді. Ал, жәбірленуші балаға келетін болсақ, ол Алматыда  анасының жанында екен. Екі апасы Абай ауылында тұрып жатыр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір