16 Сәуір, 2019 Әлем
Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
"Өмірдегі ең бастысы — лайк», "Әйелдің күшін басшылықта біліңдер. Оның өзіндік құны бар"
Ескерткіш кез келген қаланың есімхаты іспетті. Кейде сондай бір ескерткішті көру үшін-ақ саяхатшылар мыңдаған шаршы шақырымды артқа тастап, саяхатқа шығады. Мысалы, 2016 жылы Бостандық ескерткішін көру үшін Эллис аралына шамамен 4,5 миллион адам келген екен. Ескерткіштер тек әдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар, айтары бар ерекше мағынамен жасалған болса, онда ол ескерткіш миллиондаған адамның қызығушылығын арттырып, көруге ынтық қылады.
Ендеше, назарларыңызға айтпаса да түсінікті, ешбір сөзді, түсіндіруді қажет етпейтін әлемдегі ерекше 17 ескерткішті ұсынамын.
1. Немістердің қолынан қаза тапқан рейхстагтың 96 депутатына арналған ескерткіш
Ескерткіш Рейхстагтың түбінде орналасқан. Тақтада немістерге кедергі жасаймыз деп, сол үшін жазасын алған депутаттардың есімдері жазылған. Көбісі 1933-1945 жылдар арасында қаза тапты. Тек Георга Вендт қана 1948-жылы көз жұмды. Депутаттардың 90-ы ер адам, алтауы әйел адам болған.
2. Өткел 1977–2005
Поляктардың Вроцлава атты қаласының қақ ортасында шойын адамдар жолдың дәл алдында жерге кіріп барады. Ал жүргін бөліктің қарсы жағында құдды адамдар жерден шығып жатқандай көрінеді. "Өткел 1977-2005" ескерткішінің авторы – поляктың атақты суретші, мүсінші Ежи Калина (Jerzy Kalina). Дәл осы көше қиылысында 1981 жылғы қатал саяси дағдарыс кезінде белсенді әрекеттер орын алған. Нәтижесінде адамдар жасырын жүрулеріне тура келді. Ескерткіштің ендігі бір атауы "Соғыс құрбандарына арналған ескерткіш".
3. Жиһанкездер
Кейбіреулер бұл ескерткіштерден жиһанкез өз қалауынша толтырғысы келетін бос кеңістікті көреді. Өзгелері, керісінше, адам саяхаттап барған әр географиялық елді-мекенге өзінің бір бөлігін қалдырып кетеді деген мағынада деп топшылайды. Алайда, ескерткіштер авторы Бруно Кататлано өз жұмысының түпкі ойын әлі ешкімге айтпады. Ол Францияның көптеген қалаларына осы тектес мүсіндерін "орналастырып", оларды "Жиһанкездер" деп атады.
4. Азаматтық кеме теңізшілеріне арналған ескерткіш
Мүсінді жасау үшін Брайан Фелл кемені жасау кезінде қолданатын әдісті пайдаланды. Бастапқыда бір қарағанда мүсін кемеге ұқсайды. Бұл ескерткіш арқылы Уэльс тұрғындары әр жылы қаскүнемдердің қолынан немесе соғыс кезінде қаза тапқан сауда кемесінің теңізшілерін еске алып тұрады. Әр күн сайын өз өмірлерін қатерге тіге отырып, бейбіт тұрғындарды азық-түлік, әртүрлі керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырған.
5. Біз жеңдік!
Ұлы Отан соғысы кезінде СССР жауынгерлеріне жүк тасуға немесе алыс жерге баруға тек техника ғана емес, сонымен қатар, жануарлар да көмектескен. Әсіресе, түйелер. Олардың ішінде ең танымалы — Мишка мен Машка. Бұл екеуі соғыстыңң бас-аяғына дейін болып, тіпті сонау Берлинге дейін жеткен. Жеңіс туы желбіреген соң, көпшілік бұл түйелерге баса назар аударды. Олар туралы аңыз құрай бастады. Ал қос өркешті екеу Мәскеудің зообағында бейбіт күндерін өткізді.
6. Шаршы бас
1996 жылы Ницца басшылығы қаланың орталық кітапханасының жанына лайықты ескерткіш байқауын жариялады. Шаршы бас түріндегі жоба жеңіске жетті. Бұл ескерткіштің мағынасы - адамның көрсоқыр ойын жеңуге кітап көмектесе алады.
7. Блокадалық Ленинград балаларына
Ұлы Отан Соғысы жылдары Омск блокадалық Ленинград тұрғындарын көшірген ең үлкен орталықтың бірі болды. Омск тұрғындары үрейі ұшқан балаларды қарсы алып, өз отбасыларын қуана-қуана қабылдады. Сол бір көңілсіз кездердің естелігі ретінде 2014 жылы бар байлығы: скрипка, шайнек, қуыршағын жанына қысып ұстаған үрейі ұшқан үш баланың мүсінін орнатты.
8. Қолшатыр ұстаған қыз
1999 жылдың 30 мамырында Минсктегі халық серуені кезінде аяқасты күн күркіреп, жаңбыр құйды. Екі мыңға жуық адам бір мезетте таса жер іздеп, жерасты өткелінде апыр-топыр болып кетті. Адамдар кептеліп қалды. Нәтижесінде, 53 адам қаза тапты. Михайловский саябағындағы қолшатыр ұстаған қыз дәл сол азалы күнді еске салып тұру үшін орнатылды.
9. Криптобайланыс
Eidoo биржасының тапсырысымен Лондонда крипті валюта ғасырын білдіретін ескерткіш орнатылған. Авторы — Федерико Клаписа. Мүсін сандық ақша пайдаланатын ғасырда пайда болатын болашақ ұрпақты білдіріп тұр. Бала анасының жатырында жатып-ақ смартфонды қалай пайдалану керектігін білетін болады дейді мүсін авторы.
10. Қырлы тасты тазалап жатқан қария
Немістер Венаны жаулап алғанда еврейлерді көшеге шығарып, оларға антифашистік ұрандар мен қырлы тастарды тазалатып қойған. Сол бір оқиғаны естен шығармас үшін Австрия астанасының орталығында жер бауырлай еңбектеп, тас тазалаған қария кейпіндегі мүсін орнатылды. Бастапқыда мүсінде тікенді сым болмаған. Саяхатшылар мүсінге отырмасын деп, оны кейінірек қосты.
11. Пышақтардан құралған періште
Ливерпуль тұрғындары мен қонақтарын суық қаруды пайдалануда барынша сақ болуға шақыру мақсатында мүсінші Альфи Брэдли осындай мүсін жасаған. Ол періштені полиция бөлімшелері тәркіленген 100 мың пышақтан жасаған. Енді бұрын адамдарға зиян шектірген қару қалаға және бүкіл әлемге жайылған қылмысты еске салып тұратын әдемі ескерткішке айналған.
12. Баланың жатырда дамуы
Катардың медициналық орталықтарының біріне апарар жол бойы 14 қола мүсін орнатылған. Оның әрқайсысы баланың ана жатырында даму кезеңдерін білдіреді. Ағылшындық суретші Дэмиен Хёрст осылайша, адамның дүниеге келгенге дейін жасайтын саяхатын көрсетпекші болған. Бір қызығы, автордың айтуынша, бұл Таяу Шығыстағы адамның жалаңаш күйіндегі мүсіндерінің ең алғашқысы екен.
13. Кванттық адам
Жүздеген тік тұрған болат жапырақшалардан құралған Кванттық адамның ескерткіші кванттық физика әлемін бейнелеп тұр. Автор материяның екі жақты табиғатын түсіндіреді: пішін мықты болаттан құралғандықтан берік болып көрінуі мүмкін, алайда, басқа қырынан қарайтын болса, адам жоғалып кетеді. Тұрақтылық алдамшы.
14. Сынған орындық
Женевада көшенің қақ ортасына 12 метрлік сынған орындық орнатылған. Құдды, бір аяғын кесіп тастағандай. Автор бұл ескерткішті арнайы саясаткерлердің назарын аударту үшін жасаған. Ол соғыстың адамдарды мүгедек қылып, тіпті ажал құштыратынын естеріне салғысы келген.
15. Батыл қыз
Бұл мүсінді 2017 State Street Corporation компаниясының тапсырысымен Нью-Йоркте орнатқан. Аласұрған бұқаның көзіне тіке қараған қыздың мүсіні әйелдерді лауазымды орындарға тағайындап, оларды ірі компания директорлар кеңесіне шақыруға қоғамды ынталандыру мақсатында жасалған. Мүсіндегі тақтада "Әйелдің күшін басшылықта біліңдер. Оның өзіндік құны бар" деп жазылған.
16. Лайк
Миланның саяхатшылар ең көп келетін алаңдарының бірі - XXV Aprile-де 2018 жылы ғаламторды пайдала білетін кез келген жанға таныс "лайк" түріндегі ескерткіш пайда болды. Оның білегінде "Өмірдегі ең бастысы — лайк» деп жазылған. Ескерткіш күллі әлемді шынайы өмірге қайта оралып, әлеуметтік желіге барынша аз көңіл бөлуге шақырады.
17. Декреттегі әйел
Бала күтімі үшін берілетін демалыс шын мәнінде ешқандай да демалыс емес. Керісінше, жас анаға бірден он шақты қиындық пен тапсырма, жүк артылады. Соның бәрін еш демалыссыз күнде шешіп отыруына тура келеді. Дәл осы ойды Испанияның Торрелавега қаласының мәдениет қауымдастығының өкілдері барынша жақсы жеткізуге тырысыпты.
Сіздіңше, қайсы ескерткіш ерекше, мағыналы, айтары бар?
Ұсынған: Мақпал Сембай
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір