24 Сәуір, 2018 Әлеумет
Адилям Ушурованың ісі тексерілсін!
«Мұндай арандатушыларды заң аясында тезге салмасақ, біз ұлтаралық жарылыстарға куә боламыз».
Бірер күн бұрын Facebook әлеуметтік желісінде Адилям Ушурова есімді қолданушы қазақтардың ар-намысына тиетін пікір жазды деген скриншот тарады. Бүтін бір ұлтты «мамбеттер» деп кемсіткен, «сендерді тауға қуып жіберіп, малдың тезегін жегізу керек» деген оның сөзі қатты талқыланып жатыр.
Ақтөбелік Нұрлыбай Қошаманұлы интернетте Ушуроваға қарсы жанайқайын жариялады.
«Жаман үйді қонағы билейді» деген осы. Адилям Ушурованың: «Мамбет твой народ (қазақтарды айтып отыр - авт.) кроме бесбармака ничего не знал. Уйгуры вам глаза открыли... Надо вас нахуй в горы гнать. Чтобы навоз жрали», — дегені шектен шықты. Оның Қазақ халқына қарсы айтылған осындай жан ауыртар, боқтық сөздері — мемлекетіміздің ішкі ұлтаралық қатынаста жіберіп отырған қателігінің жемісі. Халқымыздың ар-намысын ту етіп алып жүре алмасақ, елдігіміз де, құнымыз да бір тиын. Ендеше өзін үстем санап, екінші ұлтты қорлаған, басып-жаншуды, «дискриминация» мәселесін қоздырғаны үшін ҚР заңына сәйкес мына Ушурованың үстінен қылмыстық іс көтерілсін. Мұндай арандатушыларды заң аясында тезге салмасақ, біз ұлтаралық жарылыстарға куә боламыз», — деп жазды Н. Қошаманұлы.
Нұрия Төре есімді азамат: «Ал керек болса, көпке топырақ шашқаны несі? Қазақ деген ел болмаған, тілі болмаған дегенді естігенбіз, енді мәмбетпіз бе? Шемішке шағып, темекі тұқылын лақтырғандар да жауапқа тартылады ғой. Аузым бар деп, аузына келгенін құса салатындарды жөнге салу қиын болмас!!! Намысқа тиіп, көңілге кірбің түсіреді екен», — деді.
Ал Арыстан Абираев: «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, алдымен асықпай саралап көрейік. Бұл әдейілеп жасалып жатқан провокация емес пе? Алла білуші, Өзі жазасын берсін. Мұның түбінде кім бар екенін анықтамай, қызбалық жасау тіпті де қажет емес. Осы жұмысты құзырлы органдарға тапсырып, қадағалаған дұрыс шығар», — деп ел-жұртқа басу айтты.
Журналист Жолымбет Мәкіш: «Ұйғыр ауданының атын алып тастап, басқаша атауымыз керек. Қазақстанда мұндай сепаратистік сарындағы атаулар болмасын!», — көптің көкейіндегі мәселені тағы бір жаңғыртты.
Халықтың ашу-ызасын түсінуге болады. Ұлтаралық араздықты қоздыратын пікірлерге ешқашан жол берілмеуі керек. Аңдамай сөйлеген сөздің арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың тұнығын шайқайтын арандатушыларды заң бойынша жазалаған дұрыс. Ел иесі, жер иесі қазақ халқын қорлауға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан құзырлы орындардан осы істің анық-қанығына жетуді ТАЛАП ЕТЕМІЗ!
Бүгінгі әңгімемізді Назым Манкеева атты қолданушының мына сөзімен аяқтай тұрғанды жөн көрдік:
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір