• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:39:48
Алматы
+12°

21 Ақпан, 2019 Әлеумет

Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе, ал өзге президенттердің ше?

Мәселен, Дональд Трамп бургер мен картоптан жасалған фриді жей береді. Ал сүйікті тағамы – беконмен қуырылған жұмыртқа.

 Президенттердің жеке өмірі кім-кімді болса да қызықтырары анық. Қайда тұрады, қайдан киінеді, қандай спортпен шұғылданады? Ал бұл жолы президенттердің қалай тамақтанатыны туралы айтайық... Сіз де оларды тек қара уылдырық жейді деп ойлайсыз ба?

Трамп

Мәселен, Дональд Трамп бургер мен картоптан жасалған фриді жей береді. Ал сүйікті тағамы – беконмен қуырылған жұмыртқа.

Ким Чен Ын

КХДР басшысы Ким Чен Ын Швейцарияның ұлттық Эмменталь атты ірімшігін сүйіп жейді екен. Алайда майлы болғандықтан салмақ қоспас үшін аз-аздан жеуіне тура келеді.

Сонымен қатар акуладан жасалған сорпаны да жақсы көреді екен.

Ангела Меркель

Германия канцлері Ангела Меркель тамақтарды өз қолымен әзірлегенді жақсы көреді. Меркельдің ең сүйікті тағамы – картоптан әрі фрикаделькадан жасалған сорпа.

Рождество күні міндетті түрде пеште үйрек жасайды.

Елизавета

Елизавета патшайым теңіз өнімдерін сүйіп жейді. Патшайымның таңы қара шайдан басталады, қант та қоспайды. Сонымен қатар жеміс-жидектен жасалған қауыз бен жұмыртқа жейді.

Ал түскі асқа балық немесе тауық жейді. Анда-санда сэндвич пен шайды да жөн көреді. Кешкі асқа сиыр еті, қырғауыл еті немесе балық жейді.

Бұған қоса патшайым тәттіні де ерекше жақсы көреді.

Эммануэль

Франция лидері Эммануэль Макронның сүйікті тағамы – кордон блю. Ол – бұзау еті, ірімшік және ветчина қосылған шницель.

Макронның тағамына әйелі аса мән береді. Ол үстелге түрлі шұжықтар мен консервіленген өнімдерді қоюға тыйым салған.

Трюдо

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо сыра ішіп, гамбургер жегенді жақсы көреді. Кофе ішкенді жақтырмайды екен.

Студенттік шағында кофені көп ішкені соншалық түнімен ұйықтай алмай шыққан, содан бері бас тартыпты.

Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путиннің ас мәзірі қарапайым. Балық жегенді жөн көреді, алайда қой етінен де бас тартпайды. Балмұздақты сүйіп жейді. Әр елге барған сайын ұлттық тағамдарынан міндетті түрде дәм татып кетеді. Ал сусындардан көк шайды жақсы көреді.

Лукашенко

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың сүйікті асы – енесі дайындайтын дранкитер екен. Бұған қоса қара нан, балық, жеміс-жидек пен тәтті сусындарды жақсы көреді. Балмұздақтан да бас тартпайды.

Игроь Додон

Молдова президенті Игорь Додон өз елінің ұлттық тағамдарын сүйіп жейді. Ең қатты жақсы көретін асы – молдаван сорпасы.

Тағы бір сүйікті асы – әйелі жиі дайындайтын шошқаның мойнына әзірленетін фриптурэ. Бұл тағам Молдаваның дастархандарының сәні.

Петр Порошенко

Украина басшысы Петр Порошенконың сүйікті тағамы – қарақұмықтан жасалған ботқа мен котлет. Бір сұхбатында президент әйелі Марина жасаған барлық тағамды сүйіп жейтінін айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев

 Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ботқа жегенді жақсы көреді екен. Әсіресе сұлы жармасы мен геркулестен жасалған ботқаны жиі жейді. Түскі асқа қарапайым сорпа ішеді, алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе.

Кешкі асқа жеңіл тағамдарды жегенді жөн көреді. Әсіресе балық жегенді жақсы көреді.

Рахмон

Тәжік басшысы Эмомали Рахмон қарапайым тамақтанғанды жақсы көреді. Сүйікті тағамы – палау. Сусындардан көк шайда жақсы көреді. Ешқандай ерекшелігі жоқ.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір