• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:08:11
Алматы
+12°

21 Мамыр, 2019 Оқиғалар

"Nur Otan" наразылардың назына қандай жауап қатты? (видео)

"Қазақстандағы қазіргі кредиттік жүйе халықтың емес, банктің ғана пайдасына жұмыс жасап тұр" деп есептейді.

21 мамыр күні Алматы қаласында 60-тан аса адам ипотекалық кредиттерін кешіруді талап етіп, "Нұр Отан" партиясы қалалық ғимаратының алдына жиналды. Олар билік партиясына бірнеше талаптарын қойып, шағымдарын Қазақстанның жоғары билігіне (Елбасы Н.Назарбаеқа, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Парламентке) жеткізуін талап етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Наразылар талабы

Наразы топтың назын тыңдап, митинг өткен мекеменің ғимаратынан тікелей репортаж жасаған "Азаттық Радиосы" тілшілерінің айтуынша, шағымданушылардың арасында өзге қаладан келген адамдар да бар. Бірақ бәрінің талабы бір, мүддесі ортақ. Олар бірауыздан "Қазақстандағы қазіргі кредиттік жүйе халықтың емес, банктің ғана пайдасына жұмыс жасап тұр" деп есептейді. Күллі халықтың күндіз ұйқысын, түнде күлкісін ұрлаған бұл жүйенің "бүйректей" бүлінуіне бірінші кезекте, несие туралы заңдарды қабылдаған жоғары басшылар мен Парламет палаталарын кінәлаған наразылар "жоғарыдағылардан" сол заңдарды қайта қарауын талап етіп отыр. Олар билік өкілдеріне талаптарын 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дейін орындауды сұрады. "Нақты іс күтеміз, нақты іс дегеніміз кредит амнистиясы болуы керек" деді журналистерге "Ар-намыс-5" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанағат Тәкеева. 

Нұр Отан сонда не деді?

Наразыларды "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы филиалының өкілі, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы штабының мүшесі Борис Жапаров қабылдады. Ол "жиналғандардың талабы орынды. Біз бұны жоғары билікке жеткіземіз және оң шешімін табуын тілейміз. Бірақ үкіметтің шешіміне жауап бере алмаймыз. "Нұр Отан" ипотекалық несие ал" деп ешкімді үгіттеген емес және бұл мәселемен айналыспайды" деді. 

Видео Азаттық Радиосының You Tube парақшасынан алынды.

♦Оқи отырыңыздар: Қарызы бардың "Nur Otan"-ға арызы бар

Дайындаған: Мият Кәшібай

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір