• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:00:29
Алматы
+12°

21 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Қарызы бардың "Nur Otan"-ға арызы бар

Қазақстанның бұрыңғы президенті Н.Назарбаев пен оның қыздарына және басқа да отбасы мүшелеріне өз шағымын айтты

Алматыда "Нұр Отан" партиясы  ғимаратының алдында наразылар жиналып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жиналғандардың басым бөлігі банктерден алған несиелерін қайтара алмай жүрген қала тұрғындары. Олар ипотекалық несиелеріне жеңілдік жасауды талап етіп "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдында тұр. Әзірге, жиналғандармен тілдесуге нұр-отандықтар шығып, олардың талаптарын тыңдап жатыр.

Наразы топтың арасынан өзін "Бекішевамын" деп таныстырған әйел адам Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаев пен оның қыздарына және басқа да отбасы мүшелеріне өз шағымын айтты:

"Сіздер билікте 30 жыл бойы келе жатырсыздар. Сіздер қашан халықтың қалауын орындайсыздар? Біз үшін сіздер не істедіңіздер? Бізде жұмыс жоқ. Біз қалай несиемізді төлемекпіз? Бізге жұмыс беріңдер. Бізге шағын және орта бизнеспен айналысуға жағдай жасаңыздар",- деді наразылығын білдірген әйел адам.

♦Оқи отырыңыздар: "Nur Otan" наразылардың назына қандай жауап қатты?

 

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір