• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 04:13:35
Алматы
+12°

27 Қазан, 2018 Әлеумет

Он жылдан кейін Қазақстанда орыстардың 15% ғана қалады

2017 жылмен салыстырғанда биыл Қазақстаннан кетіп жатқандар 14% артқан.

Forbes Қазақстандағы демографиялық ахуалды білу мақсатында ғалым, демогроф, С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеттің профессоры Александр Алексеенкомен сұхбаттасты. Оның ықшамдалған қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Александр Алексеенконың айтуынша, 10 жылдан кейін Қазақстанда тұратын халықтың 80% қазақтар болады. 15% - орыстар, қалған 5% - басқа ұлттар. Бұл 5% -тің басым көпшілігі өзбектер болады.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылмен салыстырғанда биыл Қазақстаннан кетіп жатқандар 14% артқан. Яғни, 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан 15 мың адам кетсе, биыл - 17 мың адам. Олардың  90% ТМД елдеріне көшуде.

«10 жылдағы ахуалды нақтылап алдық. Одан кейін бұл процес жылдам жүре бастайды. Неліктен? Себебі, Қазақстанда тұрып жатқан орыс ұлтының көбі қырықтан асқандар. Олар бірте-бірте қартайып, о дүниелік болады. Туу көрсеткіші бойынша да қазақтар басып озады, ал орыс ұлтында  өлім -жітім көрсеткіші артады. Осы үрдіс сақталатын болса, сыртқы факторлардың әсері болмаса, 20 жылдан кейін Қазақстанда 90% қазақтар тұрады. Орыстар – 5-7% деңгейінде қалады. Бұл – қазақтар үшін демографиялық дүмпу болса, орыстар үшін қартаю», - дейді демограф.

Дерекке жүгінер болсақ, Қазақстанның моноұлттты мемлекетке айналу процесі осыдан 50 жыл бұрын басталған.  

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 18,3 миллион адамға жетті . Ал тәуелсіздік алған жылы Қазақстан халқы 16,7 миллион болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір