02 Шілде, 2018 Әлеумет
Шымкентте ер адам 11 жастағы баланы зорлады: полиция пікір білдірді
Видеодан ер адамның баланы подъезге кіргізіп, артынша баспалдақтың артына тығылып қалғанын байқаймыз.
Әлеуметтік желіде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы қызу талқыланды. Видеоны көрген қазақстандықтар жағасын ұстап жатты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі этика тұрғысынан видеоны сайтта жарияламауды жөн санады.
Анықталғандай оқиға Шымкент қаласында, 1 шілде күні болған.
Видеодан ер адамның баланы подъезге кіргізіп, артынша баспалдақтың артына жасырынғанын байқаймыз. Кейін кіреберіске бір әйел кіріп қалып, ер адам сыртқа қарай қаша жөнеледі. Видео бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бұл іске қатысты қалалық ІІД полицейдің барлық қажетті шараларды жүргізгенін мәлімдеді. Күдікті бірден ұсталған екен. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр.
Полиция деректеріне сәйкес, күдікті 1985 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Ал педофилдің құрбаны болған 11 жастағы бала қазір дәрігерлердің бақылауында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір