23 Ақпан, 2019 Спорт
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксер аяқастынан ресейлік болып кетті
Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын
21 жастағы қазақстандық спортшы Станислав Калицкийдің соңғы жекпе-жегі сәтті аяқталған болатын, алайда сол жекпе-жектен кейін біршама сұрақтар туындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Екатеринбург қаласында Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын. Алайда бұлжекпе-жекте түсініксіз сұрақтар туындады.
Ринг-анонсшы қазақстандық боксерді "Қызыл бұрыштан шығатын - Ресей спортшысы Станислав Калицкий" деп таныстырды. Сондай-ақ, боксердің Қостанай қаласынан екендігін де айтып өтті.
Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жектерде Калицкийдің суретінің қасында Қазақстанның туы тұрған болса, бүгінде ол Ресейдің туына ауысқан.
Ұсынған: Назерке Лабихан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір