• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:34:26
Алматы
+12°

06 Наурыз, 2014 NEWS

Бір отбасын қырып салғандардың жазасы «жеңілдетілген» жоқ

2013 жылы 11 маусымда Алматы қаласының тұрғыны, Қытайдан келген қандасымыз Ержанның отбасы орыны толмас қазаға ұшыраған еді.

2013 жылы 11 маусымда Алматы қаласының тұрғыны, Қытайдан келген қандасымыз Ержанның отбасы орыны толмас қазаға ұшыраған еді. Ержанның үйінде жоқтығын пайдаланып, оның жақын ағайыны 19 жастағы Елмұрат Шешенқұлұлы мен жары Нұргүл Менесбаеваны(жүкті) өлтірген қанішерлер далада ойнап жүрген 7 жастағы Сыламнұр мен 3 жастағы Сырмұхамметті үйге шақырып, тұншықтырып өлтірген.

1382608099_ktiЕртесінде-ақ қолға түскен қылмыскерлер –  Өзбекстаннан келген еңбек мигранты Ихбол Тұрдиев және Талдықорғандық Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажановтар болатын.

5 ай бойы жүргізілген тергеу-тексеру амалдарының нәтижесінде Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық соттың төрағасы Бұлытбай Мамытбеков қанішерлерді өмір бойы қамақ жазасына кескен. Олардың мүліктері тәркіленіп, өздері қатаң режимдегі колонияға жабылатын болған.

Соттың бұл шешімі «көңілінен» шықпаған қылмыскерлер Алматы қалалық сотына аппелециялық шағым түсіріп, жазасын жеңілдетуді сұраған. Яғни жүкті ананы, екі сәбиді, бір азаматты, жалпы 5 жан иесінің қанына ортақ болған олар өз қылмыстарын «ауыр емес» деп санаған көрінеді.  Әсіресе Бақытжан Мұқажанов тіпті өз басын арашалағысы келіпті.

1381486443-454Бұл жағдайдан кейін Ержан Сатыбалды мырза редакциямызға келіп, мұндай бассыздыққа төзе алмайтындығын айтып еді. Оның айтуынша, олардың сотқа қайта арыз беруі қылмыскерлердің адамдықтан шығып кеткендігі, арсыздықтың ең шыңына жеткендігін көрсетеді. Әйтпесе қыршындай сәбиді, жүкті ананы, жас азаматты еш ойланбастан қырып салғандар қандай кешірім күтпек. «Әттең, оларға тек өлім жазасы лайық еді», – деген еді ол.

Ержан мырза жаңа ғана хабарласып, алғашқы сот шешімінің өзгеріссіз қалғанын айтті.

Шындығына келсек, бүкіл Қазақ елін қара жамылдырған қанішерлерга –  өмір бойғы қамақ емес, өлім жазасы лайық еді.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір