• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 04:40:47
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

17 Қазан, 2016 NEWS

Алғашқы сот отырысында Күлікбаевтің кісендеулі болса да тергеушіге сес көрсетіп, үстелді төңкеріп тастағаны айтылды

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталып жатыр, - деп хабарлайды

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Бұл іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Процесс тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтеді. Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың сегіз қызметкерінің, сонымен қатар екі бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған террористік акт жасады деп айыпталып жатыр. Сондай-ақ, оған үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. 

Сотты тергеу изоляторының ғимаратында өткізу туралы шешімді соттағылар Руслан Күлікбаевтің өте ашулы әрі қоғамға қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сотталушы қашып кете ме деп қорқып отыр екен.

«Ол камерасында кісенмен отырады. Ол өте қауіпті, сондықтан сот процесін тергеу изоляторының ғимаратында өткізуді дұрыс деп таптық, себебі қалалық соттың ғимаратына тасымалданатын болса, ол қарсылық көрсетуі мүмкін және қашып кетуге әрекет жасауы мүмкін. Күлекбаевтың физикалық дайындығы бар, ол кісендеулі тұрса да, жауап алынып жатқан сәтте тергеушіге столды төңкеріп жібере жаздады», - дейді соттың өкілдері.

Процесс толықтай ашық өтуде. Сонымен қатар, Күлекбаевпен қатар оның бес сыбайласы сотталып жатыр.

Ал осыған дейін Руслан Күлекбаевтің бұрындары кикбоксингпен айналысқаны және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болғаны белгілі болған еді. Есімін жарияламауды өтінген адам, кикбоксингпен шұғылданған Күлекбаевтің «Спорт шеберлігіне кандидат» деген атағы да барын айтқан.

Естеріңізге салсақ, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында1 8 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір