Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың несие төлеу мерзімі шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
"Екінші деңгейлі қазақстандық банктер су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдау мақсатында тасқыннан зардап шеккендердің қарызын кешіреді" — делінген хабарламада.
Су тасқыны салдарынан несие төлеуді кешіктірген тұрғындарға айыппұл мен өсімпұл салынбайтын болады.
Пікір қалдыру