Жуырда Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан Хирошимадағы Жапония-Евразия ұйымының, Жапония фольклортанушылар ассоциациясының, Евразия Жазушылар Одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаеваның «Күнекейдің елінде» деп аталатын кітабы жарық көрді.
Кітапқа ғалымның ежелгі жапон мәдениетінің бастаулары мен бүгінгі даму белестері туралы зерттеу мақалалары енгізілген. Жапон мифтері, аңыздары мен ертегілерімен айшықталған кітап қазіргі Жапонияның ғылыми, технологиялық жетістіктері, білім жүйесі, ұлттық тәрбие негіздері мен тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтерге бай. «Алатау, Фудзи арасы», «Омотэнаши: жапон қоғамындағы мінсіздік», «Фудзи гүлдегенде» деген үш тараудан тұратын бұл еңбек автордың фольклортану, шығыстану мен әдебиет тарихы бойынша зерттеу мақалаларын, сондай-ақ әр жылдары жапон азаматтарымен, қазақтың ғылым-өнер қайраткерлерімен жүргізген қызықты сұхбаттарын да қамтиды.
Пікір қалдыру