"ҚазАвтоЖол" ауа райының жақсаруына байланысты бұрын жабылған жол учаскелерінде көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады.
2024 жылғы 30 желтоқсан мына республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды:
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Алматы-Өскемен" автожолының 1013-1048 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;
-
Абай облысы:
- "Алматы-Өскемен" автожолының 971-1013 шақырым аралығында (Қалбатау- Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;
Түркістан облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Түркістан қаласына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;
Қызылорда облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 1357-1806 шақырым аралығы (Арал – Қызылорда дейін);
- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) облысының шекарасына дейін);
- "Самара-Шымкент" автожолының 1806-2055 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынан- Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Пікір қалдыру