Оңтүстік Корея Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

/image/2024/04/02/crop-14_33_661x1175_full_1711796398565eeb7f265517a1f3473d9e811f433b.jpg

Оңтүстік Корея Қазақстанның CPC Blend деп аталатын мұнайын сатып алуды тоқтатты. Олардың мұндай шешім қабылдауына не себеп десеңіз, кореялықтар аз күкіртті мұнайды сатып алу Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы аясында тым қымбат және тиімсіз деп отыр. 

Бұған дейін Оңтүстік Корея CPC Blend мұнайының тұрақты сатып алушысы болды.

Новороссийск Қара теңіз портынан CPC Blend сортының мұнайы Суэц каналы арқылы Оңтүстік Корея порттарына жеткізіледі. Ақпан айында Қызыл теңіз арқылы логистикадағы қиындықтарға байланысты бірде-бір партия жеткізілмеген. Ал жеткізу құны өскен.

Оңтүстік Кореяның ірі мұнай өңдеу компаниясы SK Innovation және оның көліктік еншілес компаниясы SK Shipping қазақстандық мұнайды жеткізуге арналған CPC Blend логистикалық шығындарының күрт көбейгенін айтты. Сондықтан Сеулде орналасқан Корей мұнай қауымдастығының сарапшылары мұнай өңдеу зауыттары болашақта CPC Blend сортының шикі мұнайын сатып алуды айтарлықтай азайтады деп есептейді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар