• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 19:41:41
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

22 Қазан, 2016

Нұртас Адамбай: Әкімдер жемқорлықпен Ninety one тобымен күрескендей күрессе жақсы болар еді

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбай Ninety one тобын жақтап сөйледі. Ол аталған топқа концерт өткізуге тыйым салған әкімдерді әжуалады.

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбай Ninety one тобын жақтап сөйледі. Ол аталған топқа концерт өткізуге тыйым салған әкімдерді әжуалады.

Бұл туралы Qamshy.kz Stan.kz –ке сілтеме жасап хабарлайды.

91 тобының айналасындағы дау әлі күнге дейін толастар емес. Бұрын-соңды жағымсыз пікірлермен шектелетін адамдар, енді аталған топтың өнер көрсетуіне кедергі жасап жатыр. Күні кеше 91 тобының Қызылорда қаласындағы концерті өтпей қалды. Осы жағдайға қатысты Нұртас Адамбай пікір білдірді.

“Қарағанды мен Жезқазған қалаларының әкімі 91 тобына концерт өткізуге тыйым салған екен. Мұның орнына жемқорлықпен дәл осылай күрессе жақсы болатын еді”, – деп жазады Нұртас Адамбай өзінің фейсбук парақшасында. Режиссердің бұл жазбасына 1 000-нан астам адам лүпіл басып, 100-ге жуық адам пікір білдірді.

“Мен Korean pop жанрындағы әндерді Ninety one  тобы пайда болмай тұрып 10 жылдан бері тыңдап келемін. Аталған топты тыңдағаннан мен қызтеке болып кеткен жоқпын. Сүйікті тобымды көруді әлі де армандап жүрмін. Біздің де өзіміздің поп тобымыз пайда болды. Олардың сапалы әуендерін жанұямызбен бірге отырып тыңдаймыз”, “Ninety one тобы бәрібір күшті! Бұл майда кикілжіңдер оларды қайрай түседі”, “Мен де 91 тобын тыңдаймын. Алматы қаласында тұратыныма құдайға шүкір!” дейді желі қолданушылары.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір