• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:28:28
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

Отбасылық бата

Бата, тілек, алғыс кейде жоғарыда айтылғандай жеке адамға арналса, кейде тұтас отбасына, онда қонақ болып отырған жалпы жамағатқа арнайы айтылады. Мысалы:

Бата, тілек, алғыс кейде жоғарыда айтылғандай жеке адамға арналса, кейде тұтас отбасына, онда қонақ болып отырған жалпы жамағатқа арнайы айтылады. Мысалы:

Әмин десең, мен бата берейін,

Осы жерде асыға айтып қата дейтін.

Ұрпағыңызға, ұл-қызыңызға,

Берсе екен жаратқан қазақтың,

Ежелгі аңқылдақ, ақ жарқын ата мерейін.

Дұшпанның табасынан сақта,

Достың күлкі қылуынан сақта.

Ағайынның аласынан сақта,

Ей, Алла қазанның қарасынан сақта,

Жақынның жаласынан сақта.

Қатынның қаласынан сақта,

Баланың пәлесінен сақта.

Қыздың қырынан сақта,

Сиқырдың сырынан сақта.

Жердің де, көктің де,

Батыстың да, шығыстың да,

Мұсылманның да, кәпірдің де,

Алыстың да жақынның да,

Төрткүл дүниенің бәрінің де,

Пәле мен жаласынан түгел сақта!!! —

деп келетін бата-тілек сөздері жалпыға бірдей айтылып, иелі сөзден жүйелі бақ-бақыт тіленеді. Аспан астындағы, жер үстіндегі бар жамандықтан, жадылықтан сақтау, жақсылыққа бастау батасы беріледі.

Халықтың бата, тілек сөздерінде, алдымен, жас ұрпақтардьң жетелі, зерделі, келісті болуын тілейді. Жерін, елін қорғауға дайын тас түлек болып ер жетуін қалайды. Нәресте дүниеге келгеңде, оған ат қойғанда, ұлы үйленгеңде, қызын ұзатқанда, жолға, аңға, қан майданға аттанғанда, не қиын алыс сапарға шыққанда, ас келгенде, ас қайырғанда, мал сойғанда, бие байлағанда, көші-қонда, ұлыстың ұлы күніңде, қаралы не қуанышты шақтарда, жақсы іс бастағаңда, үлкен сый-құрмет көрсеткенде, басқа да жағдайлардың бөрінде ақ бата беріп, алғыс айтады.

Баланы бауыр ет, бақытына балайтын қазақ халқы нәрестелердің құлағын жақсы сөз, жарым ырыспен ашады. Оларды тіл балымен мәпелеп, сөз сырына шомылдырады. Олардың жарқын болашағына ақжол тілейді. Ұл болса, қас батыр болып өсуін, қыз болса, Ай мен Күндей сұлу, ақылды болып ер жетуін көксейді. Бұл әдет-салт қазаққа ескі дәуірден басталып күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы: “Қорқыт ата” кітабының “Байбөріұлы Бамсы Байрақ туралы жыр” деген тарауын оқығанда Байбөрінің ұлына Қорқыт Ата бата беріп, ат қойып, атақ арнайды:

Сөзімді тыңда Байбөрі,

Тәңірі саған ұл берді.

Жастайынан бақ берді,

Ұзын болсын өмірі,

Баса берсін ілгері.

Ұран сап жауға шапқанда,

Жолын Тәңірі қолдасын!

Батырдың қайрат күшіне,

Еш көлденең болмасын!

Баланың аты Бамсы Байрақ болсын,

Атын мен қойдым, жасын Алла берсін!!!

Әмин, құтты болсын!!!

Міне, осы бата арқылы қойылған атта үш түрлі үлкен мән жатыр. Біріншіден, Қорқыт киелі, дуалы ауызды адам, екіншіден, шешен-шежіре, дана-даңғыл, ақылгөй, парасатты ата. Үшіншіден, ат қойылған Бамсы Байрақ жауынгер, бөлек туылған, елден ерен ұрпақ. Осындай мәндер арқылы қазақ халқының балаға бата сөзбен ат қойып, алғыс білдіруі әншейін жайдан-жай емес. Қайта сол баланың арғы тұқымының текті, киелі екенін түсіндіреді. Құдды сол секілді баланы жан жүрегіне, бақытына балайтьш қазақ әйелдері нәрестені алғаш бесікке бөлегенде әндетіп, баланы сылап-сипап отырып-ақ ақ бесікке бөлеп, ақ батамен ұйықтады.

Мойынымдаңы тұмарым,

Тарқамасын құмарым.

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсын деп,

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам, жатсын бесікке,

Пәлесі қалсын есікте.

Әлди, әлди, әлди-ай!!!

Рас, «Әуелі дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»,- деп Абай айтқандай қазақ халқында жырдың түрі қанша көп болса, алғыс сөзі де сонша көп. Тұрмыста балаға қатысты қандай қимыл-қылық болса, соның бәріне арналған алғыс, ақ бата, ізгі тілек бар. Балаларын әдетті, имаңды, ақылды өсіруге дағдыланған халық оларға жаңа киім кигізгенде мынадай баталы жырмен тілек білдіреді:

Жағасы жайлы болсын,

Етегі майлы болсын.

Киімің тоза берсін,

Өмірің оза берсін!!!

Қандай әдемі, уыз тілек!

“Баласы атқа шапса, үйдегі анасы тақымын қысып отырады” дегендейін, баланың алғаш атқа мінуі ата-анаға шексіз қуаныш, зор бақыт, үлкен мерей саналады. “Ат мінді, азамат болды” деп мақтанып, төбесі көкке жетіп қуанып, қарық болады да қалады. Осы сәтте де ағынан жарылып, атқа қонған баласына ақ батасын ақтарады:

Азамат етіп өсірдім,

Астына ат мінгіздім,

Қамшысын беріп қолына,

Атты өзіне ұрғыздым.

Бақыт тілеп жолына,

Батамды бердім оңына.

Ата-ана үшін шалқыған,

Бұл қуаныш емес пе?!

Атыңмен шауып кете ғой,

Мұратыңа жете ғой!

Алдыңнан бағың ашылсын,

Мерей нұры шашылсын.

Тақымың таймас мықты бол,

Бар ісіңе ұқыпты бол.

Достарыңа серік бол,

Ел-жұртыңа көрік бол —

деп атқа алғаш мінген баласына ағынан жарылып ақ батасын беріп мықтылық тілесе, ұл баланы сүндетке отырғызғанда:

Ата-бабадан қалған сүндетті,

Ата-ананың орындауы міндеті.

Ұлы думан той жасау,

Осы салттың құдіреті.

Сүндет қайырлы болсын,

Тілеу қабыл болсын!

Той-тойга ұлассын,

Бақыт-бақытқа жалғассын!!!

Бала денсаулығына ерекше көңіл бөлетін қазақ, баланы сүндетке отырғызу ғана емес, қайта оның физиологиялық жақтан да ақаусыз есейіп, ер жетуіне, тазалыққа мән беріп, қалыпты тұрмыс өткізуіне мүмкіндік тудырып отырады. Ана ту баста нәресте қырқынан шыққанға дейінгі қырық күн тұздық суға түсіріп, ширатып өсіреді. Қол-аяғын майлап, созғылап, сылап, денесінің түзу өсуіне кепілдік етеді. Қазақ баланы мұндай мәпелеп өсіруді ананың бала бағудағы парызы ретінде таниды. Қазекеңнің жыршы да әнші, ақын әйелдері баланы “әуайлап” суға шомылдыруының өзінде таң нұрындай таза, балғын да, балауса әдемі алғыс жатады:

Өс-өс, балам, өсе бер,

Батыр бол, балуан білекті.

Батыл бол, таймас жүректі.

Аяғыңды созайық,

Саусағыңды жазайық!

Етті болсын балтырың,

Епті боп өс, жарқыным!

Өс-өс, бөпем, өсе бер,

Пәлекеті аулақтан,

Тау мен тасқа көше бер!-

деп жүрек жарды қуанышын нәресте құлағына құяды. Ал балалар “тәй-тәй” басып, “қаз-қаз” тұрғанда ана тағы да баланы баталы жырмен өмірге қарай жетектей жөнеледі:

Тәй-тәй, балам, тәй балғын,

Жүре ғойшы жай балғын.

Қарыс сүйем, қаз бассаң,

Қадамыңнан айналам! -

деп күн мереймен құлай қалған ана “бала тұсауын” кескенде:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Балтырыңды түре гой,

Тай-құлындай шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой!

Қаз-қаз, балам, қаз, балам!-

деп баланың аяқ баса бастағанына, қаз-қаз тұрғанына қуаныш білдіреді. Әрі бұдан ананың ұрпақ тәрбиелеудегі ғажайып эстетикалық өнер табиғатын терең түсінуге болады.

Қазақ осындай баталы сөз, ыстық ықылас, тіпті бар құдіретін ұрпақ зердесіне ұялатып өсіреді. Ұрпақтарды еңбек сүюге, адамгершілік ізгі ниетке, әділетке баулып отырады. Тұрмыс құрып, отау иесі болғаннан кейін де, олардың отауының бай-бақытты тұрмыс өткізуін, тату-тәтті, бақытты жұбай болуын тілеп, “отау” баталарын да беріп отырған:

Отауларың ұлгайып орда болсын,

Ата-салтқа ұрпагың жорга болсын.

Отаудың іші-сырты ырысқа толсын,

Денсаулықтарың әрқашан құрыш болсын.

Ақ шынардан бүр кетпесін,

Көктемеден гүл кетпесін.

Таңғы шолпан сәулесіндей,

Ақша жүзден нұр кетпесін.

Тілек болсын Алладан,

Арындарың ассын арқадан.

Бірің ай, бірің күн болып,

Бақтарың жансын алдыдан!!!

Бұл баталар жас отаудағы жас жұбайларға қарата айтылып, олардың құтты мешін, бақытты отауларына арналады. Бұны естіген жас жұбайлар қуанып қана қалмай, терең эстетикалық әсер, моральдық тәрбие алады. Отбасы болудың, өз алдына өмір сүрудің тамаша жолын үйренеді. Сөйтіп, бақтары жанған жас жұбайлар бірінің қадіріне бірі жетіп, ынтымағы жарасқан жарқын отау, әдемі отбасы болуға тырысады. Мұндай ізгі әсердің тууына ссбеп болған құдіретті күш осынау бата сөздерінің қасиетінде жатыр.

Бата сөздері елді мақтап, есірту үшін айтылмайды. Қайта жоғарыдағыдай тәрбиелік мән, үміткерлік рухқа баулу негізіңде айтылады. Сөзге шешен, дуалы ауызды, алғыр ойлы, тапқыр-талғамды, дарынды да білімді адамдар сәті түскен жерде ыңғайына қарай бата беріп отырады:

Көштерің көлікті болсын,

Жолдарың көрікті болсын.

Қоныстарың құтты болсын,

Босағасы мықты болсын,

Ірге тыныш, өріс кең болсын! —

деп көші-қонға да сәт тілеп, тілек білдіріп, жылы сөзбен шуақ төксе, соғымға да мынадай бата беріп асты қадірлейді:

Соғым қайырлы болсын,

Қазан тоқ болсын.

Уайым жоқ болсын,

Дастарқан кең болсын.

Соғым шүйгін болсын,

Ұрпақ түлеп ұшар тұйгын болсын!!!

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір