• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:38:11
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

У балдырған

У балдырған – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

У балдырған – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Қазақ гүл бапкерлері у балдырған гүлін улы гүлдер тұқымадсына жатқызады. Көпжылдық гүлді жемісті шөптектес өсімдік деп біледі. У балдырған гүлінің биіктігі 50-100 сантиметрдей болады. Гүлдің денесі түксіз жылтырап тұрады. Тамыры сәбізге ұқсайды, ерекше иісі болады, бұтақшаларға бөлінеді. Ұзыннан бөлгенде буын қуысы көрінеді, сабағы қуыс үзікті болады, тік өседі. 2-3 қайталанған қауырсынды күрделі жапырағы кезектесіп орналасады. Түп жағында өсетін жапырақтары ұзын сағақты. Ал сағағындағы жапырақтары қысқа сағақты келеді. Күрделі шатырша гүл шоғыры ақ түсті болып гүл ашады. Гүлі сабағының ұшында өседі. Қос тұқымды жемісі жұмыртқа формалы қыры және қанаттары болады. У балдырған гүлі шілде, тамыз айларында гүлдейді. Гүлдеген кезінде ажарының ай жамалдай ашылған әсем ару кезі, дәрілік және зәрілік жақтан толған кезі.

У балдырған гүлінің жер шарында жүзден астам түрі тараған. Олар өзен жағаларында, саяларда, орман араларында өседі.

Қазақ емшілері у балдырған гүлінің тұтас шөбі және тамыры дәрі болады деп қарайды. Көктем мен күзде жинап алып, тазалап кептіреді. Артынан ұсақтап турап, дәрі жасайды не дәрі қоры ретінде сақтайды. Бұл гүлден жасалған дәрілердің қасиеті – ащы дәмді, жылы райлы, өте улы болады. Құртты өлтіреді, шыбынды қырады.

Қазақтар ерте заманда шыбын өлтіретін дәрі жоқ кезде у балдырғанды жинап алып, шыбын қонатын жерге қояды. Сонда шыбындар қынадай қырылады. Бұл дәріні іріңді сүйек қабынуға, теріс тесіліп ірің аққан жерге, жаңа жиналған у балдырғанды шөбін шыны ыдысқа жаншып, жұмыртқаның ағын қосып желім тәрізді болғанда іріңді тесікке тартады, сонда ол ауру жазылады. Аз мөлшерде пайдаланған жөн. Уланып қалудан сақ болу шарт.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір