• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:41:21
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 IT

ОЙЛАН: РОБОТТАР БІЗДІҢ ОРНЫМЫЗДЫ БАСА МА?!

Кей адамдар «ғылым-техника ұшқан құстай дамыған бұл заманда»- деп сөз бастайды. Шын мәнінде ғылым-техника дамыған жоқ, барынша жылдамдықпен дамыту...

Кей адамдар «ғылым-техника ұшқан құстай дамыған бұл заманда»- деп сөз бастайды. Шын мәнінде ғылым-техника дамыған жоқ, барынша жылдамдықпен дамыту және сол арқылы өзін кемелдендіруге барын салып құлшынуда. Төмендегі бірқанша жетістіктер даму үшін ізденістің айқын дәлелі.

Бірінші, өздігінен үйреніп, ойлана алатын робот;

Қоршама дойбыда әлем бойынша бірінші орында тұратын Ли Шышының AlphaGo атты роботтан 1 де 4 ұпаймен жеңіліп қалуы...

Екінші, жасанды зейін-зерделі автокөлік;

Бұл түрдегі көліктер ірі қалаларда іске қосылды. Жолда өздігінен жүреді. Көлік апатынан сақтайды әрі алдын алады. Тіпті болашақта өздігінен зарядталып, жанар майын толықтап отырады.

Үшінші, робот журналист;

Кореяның бір экономика ақпаратында, құнды қағаздар бағасының өзгерісіне сай, 0,1 секундтық айырмашылықпен ақпарат жазып жариялайтын журналист роботтар жұмыс істеуде деп жазды.

Төртінші, робот оқытушы;

АҚШ-тың бір университетінде робот оқытушы 6 ай бойы студенттерге сабақ берген. Алайда, оның робот екенін бірде бір студент байқамаған.

Бесінші, көмекші робот;

Бұрындары тек ерекше жағдайда ғана жұмыс істейтін роботтар қазір тіпті де кемелденіп әрі көлемі кішірейіп, әрбір адамның жеке көмекшісі ретінде жеке отбасына жалпы қолданысқа түсуде. Google компаниясының Assistant қобдишасы мен Amazon компаниясының Echo қобдишалары осының дәлелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтыншы, жыныстық қызмет өтейтін роботтар

Бұл түрдегі роботтардың алғашқы жобалары жасалған, оған ғалымдар жасанды адам терісі, сезім және түйсік бітіру үшін құлшынып жатқан көрінеді.

Осыларға қарағанда ғылым-біліммен шынайы қаруланған өзге елдің баласы жерде жатқан қу темірге жан бітіріп, оған тіл мен жазу үйретіп, тіпті де жоғары жұмыс өнімділіктері  мен жаратқанның зейінін әлемнің басқада тілсім құбылыстарын зерттеуге, білуге құлшынып жатыр. Жоғарыдағы жазылғандар тек бір саладағы мәлім бірнеше жетістіктер ғана, ал қаншама басқада салалар мен тақырыптар бар.

Біз ше??! Басқасын айтпағанда, өсер елдің баласы интернеттен пайдаланып, ақылы мен білімін бәсекелестіріп, өміршеңдік асқақ рух үшін жанын салып ізденіп жатыр. Ал біз, басым көпшілігіміз, интернетті жершілдік, рушылдықтың таусылмас дауынан дамып, өсектің көбейгені соншалық, жеріміз ниетімізден бетер тарылып барады. Қарап отырсаң, бір атаның шөберелері марқұм боп кеткен әкелерін құр мақтаудан аса алмай, ата рухын, ұрпақ үмітін жер қылуға ығысып барады. Егерде дәл осы сүреңмен жүре берсек, дамыған елдің баласы түгілі, қу темірден өзгерген роботқа да жарамсыз болып қаламыз-ау. Бірақ оның бетін ары қылсын!

Ендеше, білім үйренейік. Ғылым – шен алу, абырой үшін емес! Атадан қалған дәстүр мен мұраларды тізімдікке енгізіп қорғаудың орнына, ғылым-білім арқылы атаның асыл мұрасын, әженің асыл ақылын, таусылмас парасатын әлемдік деңгейге көтеру үшін, жаңалық жарату үшін үйренейік. Зерттейік, жаратылыстың тылсымын ғылым-білім арқылы тануға күш салайық.

Қамшыгер: интернет танушы, Ойлан

http://suhbat.kazakhsoft.com/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір