• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:01:51
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016

Заңгер: Тұңғышбай Жаманқұловтың сотталатынына сенімдімін

Заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіде Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталуына орай пікірін білдіріп, істің арты қиын...

Заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіде Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталуына орай пікірін білдіріп, істің арты қиын болатынын айтыпты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыздың ұсталуына байланысты не айтуға болады? Қазіргі биліктің ұраны (əлде ұстанымы) «Бардым. Ұстадым. Соттадым» болып тұр. Сондықтан мен заңгер ретінде Тұңғышбай ағамыздың сотталатынына толық сенімдімін. Мəселе оның кінəсінің болу, болмауында емес, мəселе мемлекет ұстанымында. Ол үшін мемлекеттің «Дамоклав қылышы» - Қожамжаров басқаратын агенттік (əлде министрлік) бар. Ол мекемемен қозғалған істер бойынша міндетті түрде айыптау үкімі шығарылады. Мəселе тергеудің сапасы артып кеткенінде емес, мəселе мемлекеттің ұстанымында.

Ағамыз үшін құтылудың жалғыз-ақ жолы бар, ол - қылмысын толық мойындап, бір адамнан кешірім сұрап, материалдық залалды (ұрласа да/ұрламаса да) мүмкіндігінше төлеу. Құтылудың басқа жолы жоқ. Ал, шулап жатқан жұртқа айтарым, осылай шулап-шулап басыламыз, бірінші рет ел жақсылары сотталып жатқан жоқ, бірінші рет шулап жатқан жоқпыз...» деп жазады Абзал Құспан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір