• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 07:31:56
Алматы
+35°

 

 

Бүгін Алматыда 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 100 күн қалуына орай мерекелік шара өтеді. Алматы қаласындағы ЖОО-ның 1000-нан астам студенттері Универсиаданың басты музыкалық тақырыбымен танысу үшін Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының алдына жиналды. Шара кезінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек танымал мәдениет қайраткерлеріне Универсиада елшілерінің дипломын табыстады.  Алматыда өтетін Универсиадаға 100 күн қалуына орай қысқы ойындардың басты музыкалық тақырыбы таныстырылды Композицияның авторы танымал қазақстандық сазгер – Ислам Рақымжанов. «Золотой Граммофон» премиясының үш дүркін және екі мәрте «Жыл әні» телевизиялық байқауының лауреаты атанды. Универсиаданың басталуына 100 күн қалғанына орай өткізілген мерекелік шарада аталған музыкалалық композицияны алғаш рет халық алдында қазақстандық әншілер Нұрлан Абдуллин, Лорен және де ән авторы бірге орындады. Қазақтың ұлттық аспаптары – қобыз, домбыра, қыл қобыз, саз сырнай және шаңқобызда «The Magic of Nomads» атты танымал туындыны Ғазиза Ғабдрахимова мен Жалғабек Ілес орындады. Универсиадаға 100 күн қалуын мерекелеу кезінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазақстандық эстрада жұлдыздарына 2017 жылғы Универссиада елшісі дипломын табыстады.

Халықаралық студенттер ойындарының ресми өкілдері болып ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қыдырәлі Болманов, II халықаралық Turkvision телевизиялық ән конкурсының жеңімпазы Жанар Доғалова, танымал қазақстандық эстрада әншісі, биші, композитор Әли Оқапов, «Новая волна-2009» лауреаты Нұржан Керменбаев тағайындалды.

«Егемен Қазақстан» газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір