• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:20:41
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016 NEWS

Күлекбаевтың түрмедегі бір жылдық шығыны шамамен 800 мың теңгені құрайды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сотталушыларға жұмсалатын қаражат сомасын жария етті. Белгілі болғандай, әр сотталушыға мемлекеттік қазынадан жылына 800...

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сотталушыларға жұмсалатын қаражат сомасын жария етті. Белгілі болғандай, әр сотталушыға мемлекеттік қазынадан жылына 800 мың теңге шамасында ақша бөлінеді. Күлекбаевқа да осындай сома жұмсалмақ. Бұл туралы  Qamshy.kz порталы  Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, сотталушы өлім жазасы заңды күшке енгенге дейін оқшаулағышта болады. Кейін түрмеге жіберілетін Күлекбаев өмірінің соңына дейін қамалады.

Құзырлы мекеме Күлекбаевтің қай түрмеге жабылатынын айтпағанымен, өмір бойына сотталғандар бүгінде Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" атымен танымал түрмеге тоғытылатынын алға тартты.

ІІМ барлық сотталушыларды қаматамасыз ету шарттары бірдей екенін ескертіп, Күлекбаевтың тіршілігіне жыл сайын шамамен 800 мың теңге жұмсалатынын растады.

«Бір сотталушыны қамтамасыз ету үшін белгіленген сома сотталушылардың барлық деңгейіне бірдей. Бүгінде ол жылына шамамен 800 мың теңгені құрайды», - дейді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Еске салсақ 2 қараша күні Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілген болатын. Ол оңаша камераға қамалады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір