• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 16:55:27
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

08 Қараша, 2016 NEWS

22 ЖЫЛ БҰРЫН ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ ТҮСІРГЕН «ІЛЕ САЛТАНАТЫ» ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРКЕМ ФИЛЬМІ (Видео)

Қазақ халқының бай этнографиялық тұрмыс салты, әдет-ғұрыпы, мәдениеті сайып келгенде ‹‹ағаш бесіктен жер бесікке›› дейінгі тұрмыс...

Қазақ халқының бай этнографиялық тұрмыс салты, әдет-ғұрыпы, мәдениеті сайып келгенде ‹‹ағаш бесіктен жер бесікке›› дейінгі тұрмыс тіршілігі бейнеленген көркем телефильм ‹‹Іле салтанаты›› көгілдір экраннан көрінгенде қуанып алақайламаған қазақ кемде-кем еді. 1995 жылы жарыққа шыққан көркем фильмге сол тұстағы Іле аймағының(Шыңжаңдағы Іле Қазақ облысына қарасты, 8 аудан мен Құлжа қаласын қамтитын әкімшілік өңір. –ред) Ахметбек Әнуарбекұлы үлкен қолдау көрсеткен.

Фильмнің сценарийін қазақ халқының салт-санасы мен тұрмыс-тіршілігін бес қолдың саласындай жетік білетін этнограф, жазушы Тұрсынәлі Ырыскелдіұлы мен ақын, журналист Қасымхан Уатқанұлы жазған. Фильм режиссері ақын, аудармашы, Қоғам Қайраткері Шәкен Қалиоллаұлы болды. «Іле салтанаты» Қытайдағы қазақ кино, телевизия мәдениетінің көрнекті мұрасына айналды. Қазақ халқының тұрмысы мен салтын, дәстүрі мен мәдениетін қамтыған «Іле салтанаты» арғы беттегі қазақтар арасында ғана емес Қазақстан, Түркия, Монғолия қазақтарының да ыстық ықыласына бөленді. «Қамшы» порталына «Іле салтанаты» көркем фильмін, сценаристі Тұрсынәлі Рыскелдиевтің өзі әкеліп табыстады.

«Іле салтанатынан» сол кездері қытайдағы этникалық қазақтардың мәдени өміріне орасан еңбектер сіңірген көптеген өнер адамдарын көруге де болады. Олардың арасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Атажұртқа оралып, «Көк тудың желбірегені» сияқты отаншыл, рухты әндер жазған Ермұрат Зейіпхан да бар.

Аталған фильмнің негізгі бөлігі Іле өзенінің бастау алар тұсында, қасиетті Тәңіртаудың баурайында, әлемдегі қазақ ең көп қоныстанған аудан Күнестің Ақ өзен жайлауында түсірілген. Иін тіресе тігілген ақ боз үйлер, қазақтың дархан көшпенді тұрмысы, сондай шадыман тіршіліктегі, наурыз, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қуаныш тойлары сізді мүлде басқа әлемге жетелейді.

"Іле салтанатының" түсірілімі 1993 жылы басталған. 1995 жылы көрерменмен қауышты. Фильм шыққан тұста Қытайдағы этникалық қазақтар жаңадан Қытайдың «мәдениет революциясынан» босап шыққан болатын. Бар қазақтың Атажұрты Қазақстан болса Советтің шеңгелінен жаңа босаған, жыртығын бүтіндеп, жоғын енді жоқтаған кез еді. Әне сондай кезде шыққан «Іле салтанатымен» қазақтың өлгені тіріліп, өшкені жанғандай болды.

«Қамшы» порталы қоржынына түскен алтын мұрағатты оқырмандарына ұсынады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір