• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:39:40
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016 NEWS

Ғ.Мүсірепов театрында Премьера - «Супер Жеңгетай Серкеш»

Қарашаның 9-10 аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында кешкі сағат 18:30-да «Супер Жеңгетай...

Қарашаның 9-10 аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында кешкі сағат 18:30-да «Супер Жеңгетай Серкеш»  комедиялы қойылымының премьерасы болады,- деп хабарлайды  Qamshy.kz порталы.

 Қоюшы-режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері – Жанат Хаджиев, Қоюшы -  суретшісі  мәдениет қайраткері Серікқан Омаров.

Заманның сиқы осы ма?.. Адамилықтың құны қайсы?.. Байлықтың буы, ақшаның табы кісіні ісіндірмей қоюы мүмкін бе?.. Жылтыраққа әуестік, жағымпаздықпен сатылау, еңбексіз тегін мал таппақ әуселемізді көтеріп, көсегемізді көгертпек пе?!

Міне, осы заманғы түйткілді сұрақтардың төркіні осындай болып келеді. Бірақ, біз бәрібір, түптің-түбінде адамилық құндылықтың сақталғанын қалаймыз. Соңғылығында, солай болады да...

Құрметті, көрермен! Ойлы күлкіге құрылған комедиялық қойылымнан ой түйгіңіз келсе, «Супер Серкешті» көріңіз! Бұл – бүгінгінің көп кейіпкерлерінің бірі.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір