• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:44:50
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО шаруалары мақтаның гектарынан 24 центнерден өнім алуда

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақтаның гектарынан 24 центнерден өнім алуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақтаның гектарынан 24 центнерден өнім алуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы, ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады. Өңірде биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден 262,5 мың тонна шитті мақта немесе меженің 94,7 пайызы жиналды. Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден (2015 ж 1 кг бағасы 107 теңгеден басталған) басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда. Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% комбайнның көмегімен атқарылады. Жалпы алғанда мақта - еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы өсімдік.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір