• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:58:54
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 Аймақтар

Төлебидегі лимонарий

Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытайда өсірілетін цитрусты жеміс өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданына да келді. Алғашында жүрексініп...

Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытайда өсірілетін цитрусты жеміс өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданына да келді. Алғашында жүрексініп жүргендер,  тәуекелге барып, жылыжайларда сынақ ретінде өсіре бастады.

Лимон баптаудың тәсілдерін меңгерген Ким Юрий Алексеевич  Көксайек елді мекенінде 0,07 га  жылыжайда лимон өсіруді қолға алған. Жылыжайда 400-ге жуық лимон көшеті отырғызылған. Кәсіпкердің үміті ақталып, нәтиже шыға бастаған соң, оны кәсіпке айналдыру көзделді. Үш жыл бұрын егілген көшеттер бабы келіскен болу керек, биыл-ақ алғашқы нышандарын көрсете бастады. Кәсіпкер Юрий Алексеевич  өз қаражатына салған бұл лимонарийге асқан төзімділік қажет екенін айтты. Осыған қарап, басқа банан, киви сияқты тропикалық жемістерді еш қорықпастан жылыжайларда өсіруге болатын сияқты.

Биіктігі 3-6 метрге жететін бұл өсімдіктің үйде өсірілетіні 2 метрге дейін жетеді. 60 жыл жасайтын лимон ағашы үй жағдайында 40 жыл өмір сүреді. Ұрығын өсірсе, 40 күннен кейін көріне бастайды. Алғашқы жемісін 6-10 жылда береді, баяу өседі. 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының тағы ауданы Түлкібаста алма өсірілуде. Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде алма теру науқаны қызу жүріп жатыр. «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында мемлекетткен қолдау тауып, «Агрофирма жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 17 0га жерге голландиялық және «семерянка» алма ағаштарының 2 сұрпы отырғызылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір