• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 15:22:45
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

29 Қазан, 2016 Аймақтар

Ешкi фермасы ұйымдастырылса...

Алдағы уақыттарда Қазақстан экспортқа шығаратын көптеген мал шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн дамыта берерi сөзсiз. Соның бiрi – ешкi өнiмдерi.

Алдағы уақыттарда Қазақстан экспортқа шығаратын көптеген мал шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн дамыта берерi сөзсiз. Соның бiрi – ешкi өнiмдерi.

«Есiң кетсе, ешкi жи» дегендi қазақ ежелден айтып келедi. Ешкi түлiгiн өсiру ел экономикасын көтеруге едәуiр үлес қосады. Мәселен, ешкi малы баяғыдан қазақ тұрмысында ерекше бағаланған. Оны көп жағдайда түлiктi көбейту мақсатында өсiредi. Себебi, ешкi – өте өсiмтал жануар. Бұл жөнiнде «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнде жарияланып келе жатқан сериялы мақалаларды қадағалап оқып келемiз. Қазақпыз дегенмен, ешкiнiң бiз бiлмейтiн ерекшелiктерi мол екен.

Қалай дегенде де мал шаруашылығы дамыған облысымызда ешкi фермалары ұйымдастырылғаны жөн. Бұл үшiн осы саланы дамытуға байланысты бiрқатар жеңiлдiктер қарастырылғаны дұрыс деп санаймыз. Мемлекеттiк бағдарлама бойынша берiлетiн жеңiлдiктер мен субсидия алуда оңайлататын жол iздестiрген абзал болар едi. Осы орайда бизнес өкiлдерi мен кәсiпкерлердiң құлақтарына алтын сырға, олар осы саланы дамытуға қол ұштарын берсе деген де ой бар. Айналып келгенде олар мұны өздерi үшiн де жасайды. Сәбиi үшiн маңызды әрi қауiпсiз сүт олар үшiн де керек емес пе?

Содан кейiн бiр айтарымыз, барлық дүкендерден демей-ақ қоялық, таңдаулыларынан немесе тұтынушылар көп баратындарынан ешкi сүтiне арналған арнайы бұрыш ашылса. Сонда оны тұрғындар басқа жерлерден iздеп әуре болмай-ақ, белгiлi жерлерден оңай тауып алар едi.

Билiк өкiлдерi де бұл шаруадан тыс қала алмас деген ойдамыз. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, кәсiпкерлiктi қолдау орталығының, «Максимум» аймақтық инновациялық орталығының қызметкерлерi бұл саланы жан-жақты зерттеп, тиiстi ұсыныстар айтса, нұр үстiне нұр болар едi. Өңiрiмiзде өрiстi жерлер өте көп. Соларды тиiмдi пайдалана бiлсек, ешкi түлiгiнiң пайдасын көретiн күн де алыс емес. Ендеше, өңiрiмiздiң өзгешелiктерiн ескере отырып, қолға алар ендiгi бiр шаруа – ешкi фермаларын ұйымдастыру деп бiлемiз.

Жандар КЕРIМҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан» газеті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір