• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:18:46
Алматы
+35°

 

Еліміздегі ХҚКО-ларында "Ашық үкімет" жобасы аясында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттан бастап кешкі сағат 20.00 минутқа дейін жүгінуге болады. Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері – 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек.

  Бүгінде оңтайландырылған қызмет түрі Оңтүстік Қазақстан облысында да "Ашық әкімдік" жобасы аясында  көрсетіліп келеді.  Айта кетейік, Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы – электрондық нысанда көрсетілген.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір