• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:47:33
Алматы
+35°

 

          Ауыл шаруашылығы өңдірісінің қарқынды өсуінің негізі факторы, бұл ауылшаруашылық химия қызметтерінен толық пайдалану негізінде агроөнеркәсіп өңдірісінің тұрақты және серпінді өсуі, оның экономикадағы қазіргі таңдагы нарықтық қағидалары негізінде тез өркендеуі болып табылады. Бұлардың барлығы елдегі жер қатынастарының түбегейлі өзгеруімен, жер айналымын шаруашылықтарда сапалы пайдалану және жердің құнарлылығын жақсартуға тікелей байланысты.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігінің жоғарылауына жер өңдеудегі агротехникалық іс-шараларды, оның ішінде минералды және органикалық тыңайтқыштарды өндіріске қарқынды енгізу, оның көлеміне елеулі түрде әсер етеді .

Биылғы жылы минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізілген егістік көлемі 294,7 мың гектарды құрады, бұл 2011 жылдағыдан 9,7%, артық, оның ішінде, көкөніс егістік көлемі 15,3 мың гектарға, картоп және бақша 15,6 мың гектарға, немесе 10,6% артты.

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтарының барлық санаттарында ауылшаруашылық дақылдарына 100% қоректік заттар есебімен енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 189,4 мың теңге құрады, бұл 2011 жылдан 67,5% артық, органикалық тынайтқыш - 204,5 мың тоннаға немесе 25,8% артық. Облыстағы минералды тыңайтқыштың едәуір бөлігі шитті - мақтаға 75,2%, көкөніс - 4,9% және органикалық тыңайтқыштар - мақтаға 65,0%, көкөніс-15,8%, картопқа - 14,9% еңгізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 218,3 мың гектар егіс көлеміне минералды тыңайтқыш, 8,0 мың гектарына - органикалық тыңайтқыштар енгізілді. Минералды тыңайтқыштар тыңайтылған дәнді-дақылдар көлемі 26,8 гектарды құрайды, оның ішінде бидай - 18,0 мың га, күріш - 2,4 мың га, жүгері - 5,4 мың; техникалық дақылдар - 172,3 мың га, оның ішінде мақта - 170,3 мың га; картоп - 0,3 мың, көкөніс - 4,1 мың га. Сондай-ақ, 4,2 мың га - көкөніс, 1,1 мың га - мақта, 1,3 мың га - картоп және 0,2 мың га - дәнді дақылдар органикалық тыңайтқыштар тыңайтылған. Облыстағы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауылшаруашылық дақылдарына 100% қоректік заттарға есептегенде 15,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізілді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 14,6% кем, органикалық тыңайтқыштар, тиесінше - 81,8 мың тонна немесе  25,1% кем енгізілген.

Аумақтар бойынша жалпы қызмет көлемінің басым бөлігі Шымкент - 51,3%, Түркістан - 2,4%, Төлеби - 20,5%, Созақ - 15,2%, Түлкібас - 3,7%, Сайрам - 1,5%, Мақтаарал - 1,3%, аудандарына тән болып отыр.

Одан басқа 2015 жылы негізгі емес қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтің көлемі 177,9 млн. теңгені құрады: оның ішінде жылжымайтын мүліктерді сату, сатып алу және жалға беруге байланысты кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің көлемі - 92,2 млн. теңге, басқа да коммерциялық қызмет - 84,9 млн. теңге, компьютерлік қызмет - 0,8 млн. теңгені құрады.

Қазіргі таңда елімізде астық рыногын дамытудың мемлекеттік реттеу тетіктері жетілдірілуде. Мәселен, бүгінде еліміздің орташа жылдық көлемі 4,4 млн. тоннаны қүрайтын астығы әлемнің кырықтан астам еліне экспортталады. Мал шаруашылығы бойынша да дамудың оң үрдісі сақталып отыр. Мал түқымын асылдандыру шаралары негізінде былтырғы жылы барлык асыл тұқымды түлік түрлері екі есеге өскен. Арнайы лицензия бойынша 10 мың маман ветеринарлық қызметпен айналысуда. Сонымен бірге мал шаруашылығы рыногын кеңейту мақсатында құрылған «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның қазіргі уақытта өңірлерде арнайы құрал-жабдықтармен жарақтанған 39 қосым жұмыс істеуде.

Отандык тауар өндірушілердің сыртқы және ішкі рыноктардағы бәсекелестік қабілеттілігін нығайтуға бағытталған шаралар оң нәтижелерін бере бастады. Атап айтқанда, соңғы уақытта шұжық өнімдері, қалбырланған ет, сары май, өсімдік майы, күріш және тағы басқа өнім түрлерінің импорттық көлемі азайып, экспортты импортпен салыстырғандағы өсу көлемі 35 пайызды құрады.

Технологиялық дамудың экономикалық механизімі өндірістің технологиялық қарулануын жаңартуды және үнемі жетілдіруді қамтамасыз ететін мемлекет, ғылыми техникалық сала және нарықтық күштер арасындағы өзара қатынастар жүйесін қамтиды.

Құланова Д.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір