• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 07:41:37
Алматы
+35°

 

Шағын және орта бизнесті жақсы жолға қоя білген, Асықата кентінде орналасқан, «Ақ ұлпа» медициналық мақта шығару кәсіпорнына ат басын бұрдық. «Атам екені ЖШС директоры Мұхтар Балтабайұлы Төрегелдиев өндіріс орнының жұмыс барысымен таныстырды. Сондай-ақ мекеме басшысы өнд іріс жұмысына қолбайлау болып отырған мәселелерді де тілге тиек етті.

- Біздің мекеме 2004 жылы құрылған. Кейіннен отандық өндіріске бет бұру мақсатында 2011 жылы медициналық мақта шығару ісін қолға алдық. Бұған көп қаражат қажет болғандықтан, 2012 жылы қосымша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға «Максимум» АИО-нан 7 пайызбен 17 миллион 600 мың теңге несие алғанбыз. Жылына 100-120 тонна жобалық қуаттылықты қамтитын өнім өндіруге қауқарлы болғанымызбен, соңғы жылдары еліміздегі экономикалық дағдарысқа байланысты 60-70 тонна өнім өндірудеміз. 15 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Олардың айлық жапақысы орташа есеппен 60-70 мың теңгені құрайды. Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасында құны 9 миллион теңге тұратын артезиан скважинасы іске қосылғалы судан таршылық көріп отырғанымызжоқ. Өз өнімдерімізді республика көлеміндегі барлық облыстарға шығарамыз. Болашақта Еуразиялық аймаққа, Ресей, Белорусияға өнімдерімізді экспортқа шығару жоспарымызда бар. Осыған байланысты 2014 жылдан бастап ауданымыздағы индустриалды аймақтан мақта өңдеу зауытын іске қосуға әрекет жасап жатырмыз. Алайда бұл жобаны жұзеге асыру үшін қажетті қаржыны банктерден ала алмай келеміз. Зауытты толықтай іске қосу үшін 100 миллион теңгеден астам қаражат керек. Ал мұндай ұлкен қаржыны банктер бере алмайтынын айтуда. Біздің ауданымызда мақтамыз шет мемлекеттерге шикізат күйінде сатылып жатыр. Оның пайдасын өзгелер көріп жатқанын ойлағанда өзегің өртенеді. Сондықтан өзімізде бар өнімді тереңірек өңдесек, жіп иірсек, мата шығарсақ, өз халқымызды киіндіруге, медициналық мақтамен қамтамасыз етуге шамамыз жетеді. Осылайша еліміздің экономикасы да көтерілер еді. Аталмыш кәсіпорында қанша өнім түрі өндіріледі деген сұрағымызға «медициналық мақтадан бөлек, мұнда жергілікті тұрғындардың сұранысына орай, көрпе, жастық дайындаумен айналысатын тігін цехы жұмыс істейді. Оған қоса Қытайдан мақта өнімдерінің басқа да тұрлерін өңдеуге байланысты тәжірибе алмасу мақсатында білікті мамандар шақырып отырмыз. Сондай-ақ дәке тоқуды қолға алсақ деген ниетіміз бар», - деді М.Балтабайұлы.

 Бибіажар ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, «Мақтаарал» газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір