• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:31:33
Алматы
+35°

 

Төккен тер мен еңбектің жемісті, жеңісті тойы – «Алтын күз» мерекесі Ордабасы өңірінде салтанатты түрде атап өтілді. Бұл күні шаруалар өнімдерін жәрмеңкеге шығарып, сондай-ақ, ауылшаруашылық техникасының, асыл тұқымды мал көрмесін ұйымдастырды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты ашық ақпаратты қамтамасыз ету үшін халыққа жариялап отыр. 


Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді.  1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады. 

Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар. Атап айтсақ: «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс көрсеткіші 20 173 ірі қара малды құраса, оның 5,2 пайыздық үлесі /1066 ірі қара/ Ордабасыға тиесілі; «Алтын Асық» бағдарламасымен 2903 уақ мал алынды. Бұл облыстық көрсеткіштің 9,2 пайызы. «Құлан» бағдарламасымен алынған 741 асыл тұқымды жылқының облыстағы үлесі 16,5 пайызды құрады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі – 62 пайызға, бидайдың егістігі – 32 пайызға, картоптың – 3,7 пайызға ұлғайды.   Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашуды жоспарлаудамыз.  Бөржар ауыл округінде интенсивті бау шаруашылығы қолға алынып, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі арқылы күн өткізбейтін сетка арқылы бау егумен айналысуда. Кәсіпорын 2016 жылдың 30 наурызынан іске қосылып, бүгінгі таңда 30 адамды жұмыспен қамтыды. Ағымдағы жылы ауданда 500 гектар жаңадан жеміс баулары егілді. Оның ішінде, қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылды. Төрткөл, Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауыл округтерінде мақта шаруашылығын дамытуды, бұл өңірлерде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.  Осы орайда, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту және жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренажды іске қосуға жұмыс жасалмақ.  Биыл аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайғаны да – үлкен жетістік.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір