• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:03:21
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2017 NEWS

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒАН»

Қазақ ұлтжандылығы бүгінгі күні ұраншыл, радикалды бағыт  алып бара жатыр деп жазады

Қазақ ұлтжандылығы бүгінгі күні ұраншыл, радикалды бағыт  алып бара жатыр деп жазады Comonitor.kz сайты.

Сондықтан, мұндай бағыттағы ұлтжандылықтың қоғамға пайдасынан қарағанда зияны көп.  Өзгеріс бола ма? Қазақстандағы ұлтжандылықтың дамуына кедергі болып тұрған не нәрсе немесе кім?

«Азаматтық сараптама»  қоғамдық фондының Президенті Данил Бектурганов осы мәселе төңірегенде пікірін білдірді.

-Қазақстанда да, басқа мемлекеттердегідей ұлжандылыққа деген сұраныс күн санап артуда. Ұлжандылықтың адамдарды өзіне тартудағы басты себебі мен күші  неде?

- Менің ойымша, ұлтжандылық идеология ретінде үлкен потенциялға ие. Егер шынымен мойындайтын болсақ: 20 ғасырда болған барлық оқиғалар- екі бірдей дүниежүзілік соғыс, қырғи-қабақ соғыс, коммунизмнің құлауы- осының бәрінің негізінде ұлжандылық тұрды. Мәселен, салыстырмалы түрде, ядролық қаруды алайық. Оны ешкімнің қолданатын ойы жоқ, себебі оны қолдану –қолданушыны да өлтіреді. Ал бір жағынан ядролық қару потенциалды агрессорларды ұстап тұрған құрал. Елеусіз қалған ұлтжандылық– соңғы мүмкіндікті иделогия, ол - ашқан адаммен не болатыны белгісіз Пандора жәшігі сияқты.

-Қазақ ұлтжандылығы соңғы ширек ғасырда өзгерді ме? Өзгерсе қалай өзгерді?

-Менің пікірім сіз күтпегеней болуы мүмкін. Десе де, меніңше, қазақ  ұлтжандылығы мүлдем өзгермеген. Қандай болды, сондай болып қалған. Ұлтжандылық теоретиктері жоқ. Дұрыс, анық теория болмағандықтан насихат жасайтын да ештеңе жоқ – қоғам қайраткерлері мен шешендер тіл мәселесі жайында ескі дүниелерді ауызға алудан басқа амалдары жоқ. Бізде жеке ғылымиландырылған ұлтжандылық  жоқ. Барлық теориялық база тек қана әлеуметтік желілердегі танымал мотиваторлардың пікірлерімен шектеледі.

   Қазір сапалы  ұлжандылық теорияларын дамытудың дәл уақыты. Саясат сахнасында өте ұтымды тақырыптар қозғалып жатыр: жердің шетелдіктерге сатылуы, қытайлық экономикалық экспансия, соғыс қақтығыстары, исламдық радикализм және т.б. Алайда, не керек, бізде ұлтжандылық теориялық тұрғыда да, ғылыми тұрғыда да дамып жатқан жоқ. Ол тек, апалар мен аталар өздерінің «шығу тегін ұмытқан»  жастарды бірнәрсеге үйреткісі келген, тұрмыстық қалыпта ғана қалып қойып жатыр. Бұл әрине, қуантарлық жайт емес.

 

-Мұндай тұрмыстық ұлтжандылық қаншалықты қауіпті?

-Тұрмыстық ұлтжандылықтың негізгі, таза ұлтжандылықдан айырмасы – оның толыққанды еместігінде. Мәселен, «менің сәтсіздіктерге ұшырауымның себебі- менің жалқаулығымда емес, ұлтымда» деген сияқты стереотиптер қалыптасқан. Өздерінің сәтсіздіктерін өзінен емес өзгеден көретендер өте көп.

Сонымен бірге, тұрмыстық ұлтжандылық, аса қауіпті. Оның себебі, оның көпшілік арасында қолдауға ие болуы.

 

Осындай тұрмыстық ұлжандылық аясында білім мен мәдени деңгейі төмендеген халықтың біршамасы деструктивті идеология әсеріне түсіп жатады, бұл діни экстремизммен де тікелей байланысты. Жалпы алғанда, мұның бәрі артынша біріккен исламизм конгломератына (ИГИЛ/ДАИШ) келіп тіреледі.

Шындығына келгенде, ғылыми ұлтжандылықтың қарсыласы – тұрмыстық ұлжандылық. Алайда, ол теория мен насихатың жоқ болуы есебінен, ұлттық иделогоия таратушылардың көзі болып табылады.

 

- Осыған байланысты сіздің болжамыңыз қандай? Бізді алда не күтіп тұр?

- Бұл мәселеге келгенде ең қиыны да осы болып отыр. Яғни болжам жасау үшін алғышарттар болуы керек. Қоғам жағдайы өзгереді, жемқорлық жойылады деп айту қиын. Негізгі сценарий – «қалыптылықты» сақтау. Яғни осы қалыпты сақтау қажет.

  - Тұрмыстық  ұлжандылықтан сақ болуы керек, қорқу керек. Себебі, бұл мәселеге байланысты жағдай ушығып кетуі мүмкін. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез-келген қақтығыстар әуелі топтық, одан кейін бұқаралық, ал соңында этникалық сипат алып кетуі мүмкін. Шеңгелді, Бурыл, Маловодныйдағы ереуілдер осыған дәлел бола алады.

 

-Қазақ ұлтжандылығында үлкен қоғамдық-саяси күшке ұласуға мүмкіндік бар ма?

-Ұлтжандылық, өздігінше үлкен сұранысқа ие, қажетті иделогия. Саяси аренамыз саяси күштің пайда болуына әбден жетілді, әрі оған қауқарлы деп есептеймін. Алайда, теориялық базаның әлсіз, әрі оны дамытуға мүмкіндіктің болмауы  тұрғысынан алғанда қауіп бар. Теорияға негізделмеген  ұлтжандылық – шовинизмге ұласып кетуі мүмкін, тіпті геноцидке.

Кез-келген нәрсеге тепе-теңдік қажет. Осы тепе-теңдікті орнату мен сақтау қазақ ұлжандыларының басты мақсаты.

Өкіншке орай, олар үшін қазіргі таңда, ұлттық тағамды қалай атау керек  «ет» немесе «бешбармақ»  сол маңыздырақ болып отыр. 

 

аударған Мұса Назерке

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір