• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 14:35:39
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Әлеумет

Қызының қиналғанын көргісі келмеген әке оны өз қолымен өлтірді

Ренди Джанзен атты канадалық ер адам өзінің туған қызын, әйелін және әпкесін өлтіргенін мойындады деп хабарлайды

Ренди Джанзен атты канадалық ер адам өзінің туған қызын, әйелін және әпкесін өлтіргенін мойындады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл оқиға туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жазған.

Оның 19 жастағы қызы Эмили дарынды актриса болатын. Бірақ ол мигрени ауруына шалдыққан. Бұл аурумен Эмили 2 жыл бойы күрескен. Осы ауруының кесірінен оқу орнын да тастап кетуге мәжбүр болыпты. Эмили мектеп кезден бастап бұл ауруға шалдыққан екен.

Оның әкесі қызының аурудан қиналғанына шыдамағандығын жазыпты. Қызының қиналғанын көріп бұл азапты тоқтату керек деп шешім қабылдаған. Эмили бұл аурумен біраз жылдар бойы күрескенімен ешқандай нәтиже болмаған.

«Мен қолыма тапаншаны алып оның басынан атып жібердім, ол енді ештеңеден қиналмайтын періштеге айналды», - деп жазған ол өз парақшасына.

Кейіннен ол өз әйелі мен әпкесін өлтіреді.

«Сосын мен Лорелді өлтірдім, себебі оның қызымыздың өлімі туралы естігенін қаламадым»,- деп өз қылмысын мойындады.

«Бірнеше күннен кейін үйге туған әпкем келді. Мен оны да өлтірдім, себебі оның бұл масқарамен өмір сүргенін қаламадым»,- дейді Ренди.

Бұл жазбаны оқыған адамдар полиция қызметкерлеріне қоңырау шалады. Олар қылмыс болған үйде тергеу жұмыстарын жасап, қылмыскерді тұтқындады. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Ренди өзінің осындай қадамға барғанына өкінеді. Бірақ оның басқа амалы болмағандығын айтып ақталады. Бұл істеріне қарағанда ол белгілі бір психикалық ауруға шалдыққан болуы мүмкін. Қанша дегенмен өз қызының қиналғанын көру кез-келген адамға оңай болмасы анық.

Аударған: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір