• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 04:56:39
Алматы
+35°

13 Шілде, 2017 NEWS

ВИЧ ауруына шалдыққан, 30 бүлдіршінді зорлаған шіркеу қызметкері қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

30 бүлдіршінді зорлағаны үшін шіркеу қызметкері жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды

30 бүлдіршінді зорлағаны үшін шіркеу қызметкері жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ол 5 және 15 жас аралығындағы 30-дан астам қыз балаларды зорлағанын мойындағаннан кейін шіркеудің өзге қызметкерлері оны ақтап алған.

Хосе Гарсиа есімді католиктік шіркеу қызметкері ВИЧ ауруына шалдығып, онымен қоймай кішкентай бүлдіршіндерді зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды екен. Сонымен қатар, ол өзінің қылмысын толықтай мойындаған.

Педофилдің құрбанына айналған бір бүлдіршіннің анасы қызынан айырылғаннан кейін Рим папасына хат жазып, жағдайды талқылау үшін кездесуді өтінген. Алайда, ол «Бұл мәселе жабылды» деп үзілді-кесілді бас тартыпты.

Хосе Гарсиа 20-дан астам қыз балаларды сексуалды қатынасқа сүйрегенін айтып берді. Олардың басым көпшілігі жергілікті, яғни Оахаки қаласының тұрғыны екен. Оахаки – жергілікті тұрғындары көп, Мексиканың оңтүстігінде орналасқан қала.

Мексикада католиктік шіркеудің маңызы өте зор болғандықтан шіркеу қызметкері қандай да бір қылмыстық жазаға тартылмайды екен. Жергілікті БАҚ беттеріндегі деректерде көрсетілгендей, шіркеу қызметкері Мексикалық Митрополии тарапынан қандай да бір қысым көрмейтін болған.

Сонымен қатар, педофилдің құрбанына айналған 30-ға жуық адамның тек екеуі ғана сотқа шағым түсіріпті. Олар шіркеу қызметкерінің ақталғанына қатысты үкімге наразылық білдірмек болған.

Хосе Антонио Фортеаның айтуынша, кішкентай бүлдіршіндерге зорлық жасау – сайтанның ісі болып табылады.

Бірнеше уақыт бұрын Франциск педофил шіркеу қызметкерлеріне қатысты жазаны тоқтататынын айтқан. Сонымен қатар, оларды жазалаудың орнына, керісінше, оларды басқа шіркеуге ауыстырып, қолдауды сұрайды. Оның айтуынша, мейірімділікке толы қатаң жазаға тартпайтын шіркеу жасамақ екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір