• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 10:45:47
Алматы
+35°

27 Шілде, 2017 Экономика

Қазақстан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін экспорттайды

Жақын арада жоңышқа мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін тасымалдау бойынша Хаттама күтілуде.

Қазақстаннан Қытайға бидай, соя бұршағы мен бидай кебегі партияларын экспорттау  Хаттамасына қол қойылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. ҚХР-ге тасымалданатын өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ешқандай шектеу жоқ. Нақты бір тасымалданатын өнім түрлеріне фитосанитарлық талаптарды анықтау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі арнайы жұмыстар жүргізді. Жақын арада жоңышқа мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 31 түрін тасымалдау бойынша Хаттама күтілуде. 

-Бұл келіссөздер Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде іске асырылып жатыр және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаев.

Сонымен қатар, министрлік парсы елдерінің нарығына шығу бойынша жоспарымен бөлісті. Мысалы, биыл тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысынан 18 тонна ет Иранға жөнелтілген. Сонымен қатар, ЕО мемлекеттері мен Жапония елдеріне қымыз өнімдері экспортталмақ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір