• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Ақпан, 15:31:23
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 NEWS

Мұхтар Әуезов атындағы театр Токиоға гастрольдік сапарға шығады

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының «Токио сапарына» арналған баспасөз конференциясы өтеді

6 желтоқсанда (баст. 17.00 де) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты Халықаралық жобасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының «Токио сапарына» арналған баспасөз конференциясы өтеді. Конференция М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениеттің мәртебесін көтеру үшін М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиоға «Ақтастағы Ахико» қойылымы және «Ұлы дала елі» атты Ұлт руханиятын ұлықтайтын концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға шықпақшы. Сонымен бірге, театр музейінен орын алған құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды танытатын көрме ұйымдастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір