• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 07:28:14
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

05 Ақпан, 2018 Әдебиет

Ай тұтылған түн

Шырылдаған әлгінде жырадағы Шегіртке де тым-тырыс тына қалды

Дүние жым-жырт, алғандай нала жұтып,

Мүлгіп жатты ақ таңды дала күтіп.

Ақ жүзіне қорасан дақ түскендей

Жүре берді Ай беті қарауытып

 

Шаршатқанда тірліктің күйкілігі

Адам-пенде екен ғой ұйқы құлы

Ел ұйқыда, алтын Ай соған ғана

Керектей-ақ  зар илеп ит ұлыды

 

Мұңға орап сай-сайды, қыр-қыратты,

Жанды мүжіп, сүйекті сырқыратты

Ұлығанда үздігіп Айға қарап

Тұлабойы тоңазып дір-дір қақты

 

Шырылдаған әлгінде жырадағы

Шегіртке де тым-тырыс тына қалды.

Жан түршігіп селк еттім,

Шайқап еді

Сұп-суық бір жел соғып құба талды

 

...Мықты еді ғой, тағдырдың жүгі жеңді,

Ол қимайтын қалған жоқ түгі де енді

Жалғыз ұлы апаттан опат болған

Жарымжан шал сәкіде күңіренді

 

Сұрар жан жоқ көңіл мен өмір жайын,

(Өлгің келсе – әрине, өлім дайын)

Сен қайдасың, Батиха-ау,

Құлазыдым ғой

Тұтылды ма ол жақта сенің де Айың?

 

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Қанат Атырау 06 Ақпан, 2018

мырзанға не болған, батихасы кім