20 Шілде, 2018 Спорт
Денис Тенді пышақтап кетті
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Денис Теннің жағдайы ауыр, спортшы өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенге шабуыл жасалды. Пышақ жарақатын алған қазақстандық спортшы қазіргі уақытта операция үстелінде жатыр. Бұл ақпаратты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқарамасы растады.
«Дәрігерлер оны операция жасауға алып кетті. Денсаулығы әзірге белгісіз», - деді басқарма өкілдері.
Ал Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Денис Теннің жағдайы ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір