• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 03:14:22
Алматы

26 Қараша, 2024 NEWS

Атырауда балабақшадағы 4 жасар баланың өлімі: Мекеме директоры мен тәрбиеші сотталды

2024 жылдың шілде айында Атырауда жекеменшік балабақшада 4 жасар бала септикке құлап, қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін қамауға алынған мекеме директоры мен тәрбиеші сот шешімімен өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылды.

Көрнекі сурет

Сот мәліметінше, азамат С. 2023 жылдың 21 мамырында рұқсат құжаттарын алып, өз атына жеке кәсіпкерді тіркеп, "Чебурашка" квазимемлекеттік балабақшасын ашқан. Ол үшін 2023 жылдың 26 ​​мамырында Атырау қаласында екі қабатты үйді жалға алған. 2023 жылдың 7 шілдесінде балабақша директорының бұйрығымен азамат Д. тәрбиеші болып жұмысқа қабылданған. Функционалдық міндеттеріне сәйкес сотталушылар балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты болған. 

“2020 жылы туған кәмелетке толмаған М. тәрбиеші Д. есімді азаматтың тобына 2023 жылдың 1 қарашасында қабылданған. 2024 жылдың 10 шілдесінде шамамен сағат 10:45-те әйел баланы қараусыз қалдырған. Соның салдарынан ол кәріз құдығына құлап, мерт болған. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындады”, – делінген хабарламада. 

Прокурор оларды 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды және 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады. Әйелдер мен олардың қорғаушылары бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот балабақша директорының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын, отбасылық және денсаулық жағдайын ескерді.  Сондай-ақ тәрбиешінің кінәсін мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын есепке алды. 

"Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) кінәлі деп танылды. Олар 3 жыл мерзімге оқытушылық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Айыпталушыларға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабын (Шартты түрде соттау) қолданып, белгіленген мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, жазаны шартты түрде өтейтін болды", – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір