• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

23 Қыркүйек, 2018 Спорт

Джошуа Поветкинді нокаутқа түсірді (видео)

Лондондағы «Уэмбли» аренасында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен WBA Regular нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы

Лондондағы «Уэмбли» аренасында аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа мен WBA Regular нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Александр Поветкин арасында кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі британдық Энтони Джошуа ресейлік Александр Поветкинді нокаутпен жеңіп, өзінің төрт титулын да сәтті қорғады.

Аталмыш кездесудің алғашқы бөлімінде боксшылар тең келе жатқан, алайда Поветкин қарсыласын алғашқы раундтың соңында әжептәуір қалжыратып тастады. Ресейлік қашықтықты ұдайы қысқартуға тырысып, бүйір жақтан соққы жасауға әрекет жасады. Ал Джошуа ресейлік боксшымен бетпе-бет келуге тырысты. Жетінші раундта Джошуа белсенділік танытып, шабуылды үдете түсті және қатарынан бірнеше соққысын дарытып үлгерді. Нәтижесінде ресейлік нокдаунға түсіп, әзер дегенде есін жиды. Джошуа болса шабуылын одан сайын күшейте түсіп, Поветкиннің қорғануға шамасы келмей қалды. Төреші сайысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір